«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзін-өзі реттеу ұйымдары: іс-қимыл еркіндігі ме, әлде өзіндік тәртіп пе?

2016 жылғы 22 Қаңтар
14816 просмотров

2015 жылғы қараша айында Мемлекет басшысы «Өзін өзі реттеу туралы» заңға қол қойды. Аталмыш заң осы жылдың 12 мамырында күшіне енбекші.

Құжатты Ұлттық экономика министрлігі және заң жобасы төңірегінде жасалған жұмыстың өн-бойына ат салысқан «Атамекен» ҚР ҰКП дайындады. Жақында «Атамекен» ҚР ҰКП-да аталмыш заңның презентациясы өтті.

Заңның қабылдануына орай көптеген сауалдар туындауда. Жаңа құжаттың кәсіпкерлерге берері бар ма, оның артықшылығы недемемлекет Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды (ӨРҰ) бақылай ма және т.б.

Заң жобасын сараптауды үйлестіру департаментінің сарапшысы Айжан Бижановаға осы және басқа да сауалдарға жауап беруді сұраған едік.

- Жақында «Өзін-өзі реттеу туралы» заңды кәсіпкерлер алдында таныстыра отырып, оның революцияшыл болып табылатынын мәлімдедіңіздер. Заң несімен жағымды? Аталмыш жағдайда оның қабылдануы қаншалықты мақсатқа лайық?

 - Бұл кәсіпкерлер өзін-өзі көрсетуге тиіс, өз қызметтерін қаншалықты реттей алатындарын, тиімділікті, нәтижелілікті көрсетуге тиіс жаңа институт. Әрі бұл шынымен де осылай болса, онда мемлекетке қатысты ғана емес, сапаның жақсаруын, кәсіби қызметтерді және қақтығыстардың сотқа дейінгі реттелуін күтіп жүрген тұтынушылар үшін де үлкен артықшылық болмақ.

Заң, шынымен де, революцияшыл, себебі мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы сенімгерлік қатынастардың туындауын көздейді. Мұндай қарым-қатынастың тиімділігіне тәжірибе мен уақыт қана баға бере алады, өйткені күллі әлемде аталмыш институт эволюциялық тәсілмен, яғни мемлекеттің артық килігуінсіз қызметін өз бетінше реттеуге кәсіпкерлердің әзірлік деңгейіне қарай дамыған. Яғни бұл кәсіпкерлік қоғамдастықтың өзінің бастамасынсыз дамыту және енгізу мүмкін болмайтын алғашқы құқықтық институт.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жеке кәсіптік компанияларының қызметін бақылау уәкілеттігі беріледі. Яғни мемлекеттік функцияларды жеке мүшелері – нарық субъектілерін өзі бақылайтын өзін-өзі реттейтін ұйымға беру орын алады. Ал мемлекет нарық субъектілерін емес, нақты бір өзін-өзі реттейтін ұйымды бақылауды өзінде сақтап қалады.

- Қазақстанда өзін-өзі реттеу институты сіңісіп кете ме? Өзін-өзі реттейтін ұйым құру бұл міндет пе әлде құқық па?

- Жоғары атап өткенімдей, өзін-өзі реттеу – бұл мемлекет пен бизнес арасындағы ерекше сенімгерлік қатынастарды көздейтін жаңа құқықтық институт. Мұндай қарым-қатынасқа тек тәжірибе мен уақыт қана баға бере алады, себебі күллі әлемде аталмыш институт эволюциялық тәсілмен, яғни мемлекеттің артық килігуінсіз, өз қызметін өз бетінше реттеуге ксіпкерлердің әзірлік шамасына қарай дамыған.

- ӨРҰ қауымдастықтан айырмашылығы неде?

- Өзін-өзі реттеу түріне қарамастан, ӨРҰ-ға мүшеліктің болуы кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жоғары міндеттемені алуын, сонымен бірге тұтынушылар және үшінші тұлғалар алдында, болжайды, қазіргі қауымдастықтардан ерекшелейтін белгісі де осы.

- Қоғамдық бірлестік өзін-өзі реттейтін ұйым құра ала ма?

- «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңында коммерциялық емес ұйымдардың екі формасы көзделген: бұл қауымдастық (ұйым) немесе ҚР заңымен белгіленген коммерциялық емес ұйымның өзге формасы. Реттеушілік әсерге талдау жүргізу кезінде кәсіпкерлік немесе кәсіптік қызметтің барлық ортасы талданатын болады, сонымен бірге басқа да бірлестіктерді болуы да.

Заңда өзін-өзі реттеудің екі түрі көзделген – бұл міндетті және ерікті өзін-өзі реттеу. Ерікті өзін-өзі реттеуге бірнеше ынталандыру енгіздік, мәселен, тексерістерді қысқарту, яғни ӨРҰ ерікті мүшесі болып табылатын кәсіпкерлік субъектісі аз тексеріледі. Бәрі де өзін-өзі реттеу түріне байланысты. Егер міндетті өзін-өзі реттеу болатын болса, онда мемлекет жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексермейді. Ерікті өзін-өзі бақылау болса, онда бұл тексерістер қысқарады. Егер нарық субъектісі қандай да бір ерікті ӨРҰ мүшесі болатын босла, онда ол аз тексерілетін болады. Яғни тексеріс тоқтатылатын міндетті ӨРҰ-ға қарағанда мемлекет нарық субъектілерін тексеруді тоқтатады, сонымен бірге тек өзін-өзі реттейтін ұйымды ғана бақылауды жүзеге асырса, ерікті ӨРҰ үлгісінде  - нарық субъектілеріне қатысты бақылау сақталады, сондай-ақ кезеңділігіне қарай қысқартылып отырады.

- Салааралық ұйым ӨРҰ бола ала ма?

- Өзін-өзі реттеудің негізгі белгілерінің бірі саланың бірлігі болып табылады, яғни сала – бұл экономикалық қызметтің жалпы түрі емес, осындай бірлестік субъектілеріне бірыңғай критерийлер мен талаптар белгілеуге мүмкіндік беретін бір типтің нақты бір қосалқы түрі. Осыған байланысты экономикалық қызметтің алуан түрлерін біріктіретін салаааралық қауымдастықтар өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесінен үміттене алмайды.

- Егер нақты бір салада коммерциялық ұйымға міндетті мүшелік болмаса, аталмыш салада болашақта міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізе ала ма?

- Әрине, енгізуіне болады. Бұрын айтып өткенімдей, өзін-өзі реттеу институтының дамуы толық көлемде кәсіпкерлердің өздерінің бастамаларына тәуелді болады. Егер уақыт өте келе кәсіпкерлер ерікті өзін-өзі реттеудің тиімділігін дәлелдейтін болса, онда мемлекет «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР Заңында көзделген барлық процедураларды сақтаумен міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу мәселесінде кәсіпкерлерді қолдай алады.

- Егер өзін-өзі реттеу тиімсіз болып шықса, мемлекеттік реттеуге қайтып оралуы мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Мемлекеттік функцияларды табыстауды көздейтін міндетті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу процедурасының өзі алдын-ала осындай өзін-өзі реттеуді енгізудің индикаторлары мен мақсаттарын көрсетумен реттеушілік әсерге талдау (РӘТ) жүргізілуін талап етеді. Егер өзін-өзі реттеу тиімділігін көрсетпесе, ал РӘТ кезінде белгіленген индикаторларға қол жеткізілмесе, мемлекет өзін-өзі реттеудің күшін жою және мемлекеттік функцияларды кері қайтару мәселесін көтеретін болады.

- Ерікті мүшелікке негізделген өзін-өзі реттеудің келешегі қандай?

- Ерікті өзін-өзі реттеуді дамыту басымдылықты міндетке айналуы мүмкін, себебі кәсіптік және кәсіпкерлік ортаның адалдығының, олардың тауарлары, қызметтері мен жұмыстарының бәсекеге қабілетті болуының көтерілуіне, сотқа дейінгі реттеу жүйесі тиімділігінің және өзін-өзі реттеу институтының жағымды имиджінің қалыптасуына  сеп болатын да сол.

Өзін-өзі реттеудің ерікті үлгісі нарық субъектілеріне мемлекет пен тұтынушылар алдында сала ішінде қызметін мемлекеттік билік органының қатысуынсыз өз бетінше реттеуге уәкілеттік алуға деген әзірлігін дәлеледеуге мүмкіндік береді.

Осыған орай «Өзін-өзі реттеу туралы» ҚР заңы және сәйкес заңға қосымша актілер ерікті бірлестіктер үшін түрткілер мен ынталандыруларды көздейді. Мысалы, ерікті ӨРҰ мүшелері болып табылатын кәсіпкерлік субъектілері үшін тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес тексерістерді қысқарту көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер