«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңір әлеуеті индонезиялық бизнесмендерді қызықтыруда

2016 жылғы 21 Қаңтар
- Ақмола облысы
7600 просмотров

Қазақстан мен Индонезия экономикасын дамыту үшін екі елдің ортақ жанасу нүктелері бар

Бүгін өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуге қатысушылар осындай қорытынды жасап отыр. Өңірге Индонезияның Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасындағы елшісі Фостер Гултом іскерлік сапармен келіп жетті. 

Қазақстан және Индонезияны, атап айтқанда, мұнай-газ, фармацевтика салаларындағы, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеуді қамтитын - агроөнеркәсіптік кешендегі, өнеркәсіптік өндіріс, туризм және қонақүй бизнесі салаларындағы  тығыз экономикалық ынтымақтастық байланыстырады. Осындай ынтымақтастық нәтижесінде өзара сауда көлемі соңғы бірнеше жылда үш еседен астам шамаға өсті.

Өңірімізде инфрақұрылымдық және инновациялық әлеуеттің жақсы дамығаны белгілі. Аулшарушылық өндіріс экономикадағы басым салалардың бірі болып табылады. Өңір жоғары сапалы азық-түлік бидайының жалпы республикалық көлемінің төртінші бөлігін өндіреді. Ауылшаруашылық өнімді қайта өңдейтін кәсіпорынды дамыту үшін мүмкіндіктер әрі шикізаттық база баршылық. Өңіріміздің көлік-географиялық жағдайы да біршама тиімді, экономика инфрақұрылымы  дамыған. Өңірдегі өнеркәсіптік әлеует тау-кен өндіру және өңдеуші өнеркәсіптермен танылады. Онда негізгі көлем тамақ өнімдерін, машина жасау және түсті металлургия өнімдеріне тиесілі. Молибден өндірісі, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы кәсіпорындары дамып келеді. Облыс туристік бизнесті дамыту үшін ерекше жағымды аумақты алып жатыр. Демалыс аймақтары халқы тығыз орналасқан индустриялық өңірлердің жақын жатуымен байланысты ыңғайлы географиялық жағдайға ие.

«Кәсіпкерлер палатасы бүгінде Өңірлік даму картасын жүзеге асыруды қолға алған. Картада облысымыздың дамуының негізгі аспектілері көзделеді. Карта аясында шамамен елуге жуық инвестициялық жоба айқындалған. Есептеулерге сәйкес, олар өңірлік экономиканың дамуы үшін басты жобаларға айналуға тиіс», - деп баса көрсетті ӨКП директорының орынбасары Фатима Герфанова. Карта өңір кәсіпкерлері үшін түрлі факторларды ескере отырғанда бизнеске өзінше бір жолбасшы болмақшы (өңірдің салалық мамандануы; ресурстық әлеует, өткізу нарығы, инфрақұрылымның болуы және т.б.). Онда салалар мен өңірлер қимасындағы бизнес дамуының нақты бағыттары көрсетіліп, шикізатты іздеуден бастап, өткізу нарығы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бюджет шығынын жоспарлау, әлеуметтік нысандар, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді қоса алғандағы бизнесті құрудың толық циклі пысықталады.

Фултом мырза АӨК, медицина, өндіріс және басқа да салалардағы өнімнің экспорт-импорты үшін  байланыстарды жөнге салуға ерекше қызығушылық танытты.

Тараптар елдеріміз арасындағы тиімді экономикалық байланыстардың құрылуы болашақта достық және татулық қатынастардың орнауына да сеп болады деген ой айтты.

Кездесу барысында жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері Индонезия өкіліне өңірдің инновациялық мүмкіндіктерін ортаға салып, ықтимал серіктестік жайлы ұсыныстарын жеткізді. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер