Басқаларды күтпе – әрекет жаса!
Идеядан бастап бизнеске дейінгі жолдан өту – ҰКП «Бизнес-мектеп» оқыту құрамдасында дәл осындай тұжырымдама негізге алынған
«Бизнес-мектепті кез-келген деңгей мен көлемдегі бизнеске бағдар болатын нағыз пайдалы білім, әдістемелер мен құралдар көзі деп атауға болады», - деп атады ШҚО Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Талғат Қасенов.
Оның айтуынша, «Бизнес-мектепте» оқыту курстары қисынды түрде құрылған дәйекпен жүргізіледі.
«Мысалы, бизнес-мектеп құрамдастарының бірі - «Бизнес-кеңесші» - бұл екі күндік курс, онда жас кәсіпкерлер немесе бизнесмен болуды армандайтындар кәсіпкерлік негіздеріне, бизнесті ұйымдастырудың заңгерлік аспектілеріне, маркетингке, бизнес-жоспарлауға, кадрларды басқаруға, қаржыны басқаруға, франчайзингке, бизнестегі ақпараттық жүйелер негіздеріне үйренеді», - деп ақпараттандырды ол.
Бизнес-мектеп қатысушылары берген пікірлер бойынша, олар кәсіпорынды ұйымдастыру және мемлекетпен әрекеттесу, нарықта қызметтерін жайғастыру және өркендету туралы теориялық білім алды, тәжірибе алмасу, жаңа танысулар, белсенді де қызықты адамдармен араласу, бизнес пайда болды, таныс, дос кәсіпкерлер қатары көбейді.
«Дүниеде минут сайын көптеген идеялар туындап жатады, олардың кейбірі ғана шындыққа айналады. «Бизнес-мектеп» жобасы кез-келген деңгейдегі бизнесмендерге ойлағандарын неғұрлым аз тәуекелмен барынша тиімді түрде жүзеге асыруға көмектеседі. Мұны бизнес-жобаларын жүзеге асырып жүрген табысты кәсіпкерлер дәлелдей алады», - деп бөлісті ойымен «Бизнес-кеңесші» курсына қатысушылардың бірі Евгений Латышов.
Евгений және Ирина Латышовтар оқудан өткеннен кейін «Мобильдік планетарий, қозғалмалы жұлдызды бизнес» жобасын жүзеге асыра алды.
«3D-проекциялау бойынша екі жабдық сатып алдық, бірін Риддер қаласындағы «Континенталь» сауда үйіне орнаттық, екіншісі ауылдарға барғанда мобильдік планетарий ретінде қолданылады. Сонымен қатар Өскемен, Зырян қалаларына барамыз», - дейді Латышовтар.
2015 жыл ішінде бизнес-мектеп арқылы 1 621 қатысушы білім алған. Олардың ішінен 53 адам жобасын іске асырған, 48 адам одан кейін «Жобалық оқыту» жобасы бойынша оқудан өтіп, бесеуі жобаларын өз беттерінше жүзеге асырған.
«2016 жыл енді басталып келеді, жаңа жыл – жаңару үшін, соның ішінде кәсіптік өмірде, таптырмайтын уақыт. Егер бұрыннан бір белгіні күтіп жүрген болсаңыз – ол белгі берілді. Егер жобаларыңыздың табысына сенімді болсаңыз, дағдарыс – бұл нағыз серпін алатын уақыт. Әрине, дағдарыста бірегейлік, сапа және сервис жайлы ойланбайтындардың мүмкіндігі азаяды, "Бизнес-мектеп" жобасында білім алғандарға орын беретіндер де солар. Басқаларды күтпе – әрекет жаса!», - деп қорытты Талғат Қасенов.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: