«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әдемілік артық болмайды

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Ақмола облысы
11965 просмотров

Бурабай ауданындағы Қаракөл ауылында мемлекеттік қолдау арқасында тұрмыстық қызметтер салоны ашылды

Ауылдық жерде қызмет көрсету саласының кенже дамып отырғаны құпия емес, кей қызмет түрлері көрсетілмейді де. Қараөткел ауылында аталмыш жобаға ұқсас дүние болмаған, сондықтан да бизнестің осы түрін ашуға бел буған кәсіпкер жылдам өтелінеріне сенеді. Идеяны ортаға тастаған Ирина Федорова қызмет жасай бастағанда саудамен айналысқан. Кейін шағын болса да, жеке дүкенін ашады.

Кәсіпкер өткен жылдың соңында шаштараз ғана емес, шаштараз, тырнақ әрлеушілер, сондай-ақ тігінші қызметтері қарастырылатын бүтін бір салон ашуға бел буып, бизнесін кеңейтуді ойластырады. 

Бурабай ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығында Ирина Федороваға «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында кредит беру шарттары жайлы консультация берілді. Кәсіпкер КҚО-ға сауатты бизнес-жоспар құруда көмек сұрап қайта жүгінеді.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ арқылы екі жарым миллион теңгеге жуық сомаға тиімді шарттармен қарыз алды: жылдық 6 пайызбен 4,5 жыл мерзімге. Бұл қаражат қолданыстағы үй-жайды қайта қалпына келтіру үшін құрылыс материалдарын сатып алуға және қажет жабдықтарға кетті. 

Бүгінде барлық жұмыстар аяқталған, жаңа салон ауылдықтарға есігін айқара ашты. Нысанның ашылуы ауылда екі жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер