«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандық таңдау неге қиын?

2016 жылғы 19 Қаңтар
- Батыс Қазақстан облысы
11002 просмотров

Әдістемелер мен жүйелік кәсіптік бағдар практикасының жоқтығы жоғары сынып оқушыларының кәсіп таңдауда бір шешімге келуіне бөгет жасайды

Оқушылар арасындағы кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыруға әзірше ҚР Білім және ғылым министрлігі ғана жауап береді. Ал халықаралық тәжірибеге жасаған талдау білім беруді жастарға кәсіптік бағдар беру жөнінен модернизациялаудың бір ведомсвтоның ғана ведомстволық жобасы ретінде жүзеге асырыла алмайтынын көрсетіп отыр.

Батыс Қазақстан облысы мектеп басшыларына арналған кәсіптік бағдар беру жөніндегі семинарда БҚО Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова осы төңіректе сөз қозғады. «Психологтар адамның қажет білімді алып, өз жұмыс орнына тура түсіп және өз орнына жайғаса отырып, жұмыс бірлігі ретінде ел экономикасына көбірек пайда әкелетінін, кәсіпқой ретінде де өсетінін бірнеше рет дәлелді, - деп баса көрсетті Айгүл Әбілқайырова. – Егер кәсіп қате таңдалса, онда жұмысшы үшін уақыты мен күшін, сондай-ақ ел ресурстарын босқа жұмсағандығын білдіреді».

Облыстың түкпір-түкпірінен келген мектеп директорлары мен директорлар орынбасарлары білім беру саласындағы толғақты түйткілдердің бірі – оқушылардың кәсіптік бағдары мәселесін талқылау үшін, семинарда бас қосты. Қазіргі заманғы мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелеу қажет деген түсініктің пісіп-жетілгеніне біраз болды. Педагогтардың көпшілігі кәсіптік бағдарға басқа қырынан келу керектігін сезінгенмен, әдістемелер жасақталмағандықтан және жоғары сынып оқушыларының кәсіптік бағдар беру жүйесі тәжірибесінің жоқтығы салдарынан аталмыш мәселені шешуге кірісе алмайды. Семинарға қатысушылар кәсіптік оқу орындарының еңбек нарығы қажеттіліктері үшін мамандар даярлауды онша дұрыс жоспарламайтынын атады. Мектеп оқушылары болашақ мамандығын кездейсоқ факторлар бойынша жасайды. Қазір даряланған заманауи психолог-кәсіптік бағдар берушілер, оқытушылар, арнайы әдістемелерге деген қажеттілік жоғары деңгейге жетіп отыр. «Балаларға жұмыс мамандықтары жайлы мектепке дейінгі мекемелерден бастап айту керек. Балалар және олардың ата-аналарымен арнайы әңгімелер, экскурсиялар ғана жүргізбей, кітаптар, әндер, мультфильмдер арқылы, барлық мүмкін болар, қолжетімді байланыс арналары арқылы айтып жеткізу қажет. Бұл жұмыс біртіндеп әдістемелері мен құралдарын өзгерте отырып, жас ерекшелікке қарай мектептерге көшуге тиіс, бастауыш сыныптан бастап оқушыларға қолданылуға тиіс, - деді эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназия директоры Сайра Тілеужанова. – Ал біздікілер кәсіптік бағдар беру жайлы орта мектептің жоғары сыныбында ғана, кейде тіпті мектеп бітіретін сыныпта еске алады». «Әрине, өз жолын таңдаушы оқушыларды белсендіретін, олардың дарындарын дамытуына әрі еліміздің және қоғам игілігі үшін өзін өзі танытуына түрткі болатын жаңа әдістемелердің жетіспеушілігі ерекше сезіледі – деп жалғады сөзін ол, - Оның пайда болуын күтіп отыра алмаймыз. Сондықтан да өзіміз ізденіп, кей әдістемелерді өз күшімізбен дайындаймыз».

«БҚО Кәсіпкерлер палатасы осы бағытта белгілі бір іс-қимыл алгоритмін дайындады, - деп жеткізді Айгүл Әбілқайырова, - 22 кәсіптік бағдар беру кабинеті ашылды, облыстық білім беру басқармасымен бірлескен форумдар мен семинарлар өткізіледі, қала мен облыс кәсіпорындары жайлы, еңбек нарығындағы сұралатын мамандықтар жайлы база жасақталды, қала және облыс кәсіпорындарына мектеп оқушыларының экскурсиялары жүйелі түрде өткізіліп тұрады, сынып сағаттары мен кәсіптік бағдар жөніндегі әңгімелер циклы жасалған. Сөйтіп, 2014, 2015 жылдар бойында Палата мектептер мен колледждер түлектері үшін «Зенит» Орал зауыты» АҚ, «Оралагрореммаш» АҚ, «Қазармапром» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «Завод плюс» ЖШС, АО «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ және көптеген басқаларына экскурсиялар ұйымдастырды». Облыс мектептерінің басшыларына Кәсіпкерлер палатасы білім беру басқармасымен бірге құрастырған сынып сағаттары, облыс кәсіпорындары жайлы ақпарат, сұралатын кәсіптер тізімі, кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар және облыс мектептері мен колледждеріне арналған кәсіптік бағдар жұмысының жоспары табысталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер