«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салалық қауымдастықтар Ұлттық палатаға қолдау көрсетті

2016 жылғы 15 Қаңтар
12736 просмотров

Бизнес-қоғамдастық Олжас Құдайбергеновтің мәлімдемесіне жауап беріп, ұйым жұмысына баға берді

«Тау‑кен металлургия өнеркәсібі, экспортшы‑тауар өндірушілер одақтарын көп жылдар бойы басқарып келемін. Соңғы  жылдары Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмыс жасай бастауына орай металлургтер мен кенші‑көміршілер мүддесін алға тарту жөніндегі жұмысымыз тиімділігінің едәуір өскенін анық ұғынып отырмын», - деп мәлімдеді Республикалық тау‑кен өндіру және тау‑кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.

Ол Ұлттық кәсіпкерлер палатасының түрлі пікірлерді талқылауға арналған алаң ғана емес, оның шоғырлануы мен бірыңғай ұстанымды дайындау алаңы екенін баса көрсетті. «Біздегі компания басшылары, менеджерлердің барлығы ҰКП‑ның қандай роль ойнайтынын біледі. 2015-2016 жылдары Палата бізге қолдау көрсетпегенде, тау-кен металлургия секторы Үкімет алдына нақты нысандарды қолдау жайлы мәселелерді шығармай, шығынға ұшырап, адамдар жұмыстарынан айрылар еді. Ал сала  2015 жылы, дағдарысқа қарамастан, ҰКП және Үкіметтің қолдауымен орнықты дамуын, тұрақтылығын және жағымды перспективасын сақтап қала алды. ҰКП – бұл біздің жетістігіміз, кім не десе де, ұяты білсін», - деп қорытты Николай Радостовец.

ҰКП Құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі және ТКШ комитетінің төрағасы Александр Белович өз кезегінде Ұлттық палата қызметіне бір ғана аданың баға бере алмайтынын атады. «Егер мұны бизнес‑қоғамдастық айтса, қандай да бір қателіктер бар екенін айта алар едік. Ұлттық палатаның керек екені сөзсіз, мұны жұмыс жасаған кезінде іс жүзінде көрсете алды. Біреулерде шағымның болуы да мүмкін. Оңай ештеңе де жоқ. ҰКП бизнес-қауымдастықтамен жұмыс жасайды, және де бұл жұмыстың тиімділігі қауымдастықтардың Палатамен қаншалықты белсенді әріптестікте болуына байланысты», - деді ол.

Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының басшысы Любовь Худова да өз ойын білдірді. «Көп жылдар бойы ҰКП сияқты ұйымның құрылуы жайлы мәселені талқылап келдік. Ол қалыптасып та қойды, ал енді оны тиімсіз дегеніміз – дұрыс ұстаным емес. Біз, мысалы, өңдеу өнеркәсібі комитеті – салалық қауымдастықпен өте тығыз жұмыс жасаймыз. Бар мәселені ҰКП аясында талқылаймыз», - деді ол.

Любовь Худова Ұлттық палата құрылғанға дейін мемлекеттік орган, бизнес және басқа да қатысушылардың бір орган алаңында кездесіп, түйткілді шешуіне, даулы мәселенің біржола басын ашуға мүмкіндігі болмағанын атады. «ҰКП – пайдаланылуға әрі дамытылуға тиіс қуатты құрал», - деп жалғады сөзін ол.

Қауымдастық басшысы нақты мысалдар келтірді. «Қорғаныс тапсырысы, былғары және жүн бойынша орын алған жағдайды мемлекеттік органдармен және өңірлермен бірге шештік. Әрбір өңір кез‑келген шенеунікке сауал қоя алды. Былтыр мектеп формасы төңірегіндегі мәселені алға жылжыта алдық», - деді ол. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер