Тимур Құлыбаев: «Қаржы жетіспеген кезде беделге ие компаниялардың жекешелендіруде көмектескені абзал»
2016 жылға арналған кешенді жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында ішінара сатып алу механизмін дайындау қажет
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі мүшелерімен және дирекциясымен жұмыс кездесуі аясында осындай тапсырма берді.
Оның айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы, жаһандық қаржы дағдарысы, теңге өтімділігінің тапшылығы және Ресейге қатысты Батыстың ықпалшаралары қазақстандық экономиканың дамуына әсерін тигізді.
«Қаржы ресурстарына қолжетімділік жөнінен бизнесте салмақты түйткілдер туындап отырған осындай жағдайда жекешелендіруді өткізу ерекше қиын. Егер жағымды жұмыс тәжірибесіне ие, күшті тобы бар, қадрлық тұрғыдан тәртіпті, алайда қазір қаржы тапшылығын бастан өткеріп отырған компаниялар болатын болса, оның аталмыш нысанды жекешелендіруіне неге рұқсат бермеске? Шартты түрде алғанда, акциялар пакетінен 25% төлесін. Ал Палата жоба толық орындалғанға дейін қолдап, сүйемелдеуі керек. «Атамекен» бұл идеяны Мемлекет басшысы мен Үкіметке жеткізіп те қойған. Кәсіпкерлер палатасының әкімдіктегі құрылымдық бөлімшелермен әрекеттесе отырып, аталмыш механизмді егжей‑тегжейлі пысықтауы қажет”, - деп атады Тимур Құлыбаев.
“Атамекен” ҰКП басшысы сонымен қатар ұйымның мемлекеттік‑жеке меншік әріптестік жобаларына қатысу ролін атады. “Ұлттық кәсіпкерлер палатасының МЖӘ аясында мемлекеттік органдармен әрекеттестікті күшейтуі қажет, жобаларды іздеуде, оларды сүйемелдеуде қолдау көрсеткені дұрыс. Жаңа экономикалық жағдайда мұндай әріптестік даму үшін қосымша мүмкіндіктер бере алады”.
Тимур Құлыбаев сонымен қатар қазіргі кезде отандық бизнестің сақталып қалу мәселесі өткірленіп тұрғанын және мұндай жағдайда Кәсіпкерлер палатасының қашан да әзірлікте болып, бизнес ортада туындаған кез‑келген түйткілді шешудің барлық мүмкін жолдарын ұсынуы қажет екенін баса көрсетті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: