«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жанар жағар майға еркін қол жеткізілуге тиіс

2016 жылғы 12 Қаңтар
- Ақмола облысы
10002 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының жанынан арзандатылған отынды бөлу жөніндегі жұмыс тобын құруға шешім қабылданды

ЖЖМ сатушы кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында осындай қарар қабылданды. Өткен жылдың тамыз айында өңірлік палата аталмыш мәселені талқылау үшін екі тарапты да пікірталас алаңына жинаған еді. ӨКП кездесу қорытындысы бойынша жұмыс тобын құруға ұсыныс жасап, алайда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан оны құрудың лайықсыздығы жайлы жауап келген еді.

Жанар­­­­­­‑жағар май саласындағылар мәселесі қайта шықты, атап айтқанда, мұнай өнімдері нарығына еркін қолжетімділіктің болмауы, өңірдегі ЖЖМ нарығының ашық болмауы.

«Қазіргі күнге дейін кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы арзандатылған ЖЖМ көлемін бөлуге толық көлемде жауап бермейтін критерийлерді басшылыққа ала отырып, кәсіпкерлер көлемін ескермейді», - деп алға тартты жеке кәсіпкер Владимир Свидерский. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әмриновтың сөзінше, бөлшек операторларға ЖЖМ бөлінуі  реттемеленген, энергетика министрлігі бөлетін көлемдер негізге алынады.

Арзандатылған отынның бөлінуі жабық ақпарат бола алмайтынына және ашық болуға тиіс екеніне облыс прокурорының орынбасары Манарбек Сәдуов та келісті. Пікірталасқа қатысушылар ЖЖМ бөліну механизмін реттеу керек, ЖЖМ (арзандатылған отын) бөліну көлемдері жайлы мәліметтерді жалпыға қолжетімді етіп, мемлекеттік органның интернет‑порталына орналастыру керек деген ойға келісті. Ал ведомствоға ЖЖМ бөлу кезінде мүдделі тараптар өкілдерінен тұратын жұмыс тобының (ол қызметін қаңтар айында бастайды) хаттамасын назарға алуды нұсқады. 

ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасына түзетулер талқыланып жатқанын айта кетейік. Ол мына нормаларды көздейді: талондық және карточкалық жүйе бойынша мұнай өнімдерін өткізу кезінде франчайзинг тәсілдерін дамыту; бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын анықтау тәртібі мен критерийлерін бекіту; ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі комиссия және оның құрамы туралы  қағиданы бекіту, комиссия құрамының үштен екісі қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен тұрады; бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын анықтау, және де мұнай өнімдерін өткізу жайлы ақпаратты интернет‑ресурстарына орналастырады. Осы түзетулер өңірлерде ЖЖМ бөлінуі мәселесінің ашықтығы, сонымен бірге жекелеген аудандарға мұнай өнімдерін жеткізу мәселесін шешуге мүмкіндік береді деп күтілуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер