«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дау тудырған жол белгісі

2016 жылғы 12 Қаңтар
- Шымкент қаласы
17825 просмотров

Мемлекеттік органдармен келіссөздер мәселені бизнесменнің пайдасына шешуге көмектесті

Шымкент қаласында С.Жандосов көшесінің бойындағы кәсіпкерлік нысаны «Усадьба Ладушки» кешенінің жанына салынған тұтас сызықты жол белгісі бизнеске кедергі болып отыр.

«Ладушки» - Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі аспаздық‑кондитерлік желілердің бірі. Фирма жеткізушілері жол қозалысы ережесін бұзбау үшін, тауарды тиеу және түсіру үшін ұзақ уақыт бойы кешеннің қызметтік қақпасына жақын келе алмай қойған, осының салдарынан фирма зиян шеге бастайды. Компания директоры Светлана Лугина ОҚО Кәсіпкерлер палатасына түйткілді шешуді сұрап жүгінді.

Палата сарапшылары Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен және ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасына Жандосов көшесі бойындағы «Усадьба Ладушки» кешені орналасқан теліміне үзік‑үзік жол белгісін салуды сұрап, байланысқа шықты. Палата келіссөздер қорытындысы бойынша оң шешім қабылдануына қол жеткізді. Енді қалғаны: белгі салу үшін ауа райының жағымды сәтін күту. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер