«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қуыным талабынан бас тартылды

2016 жылғы 11 Қаңтар
- Қызылорда облысы
10357 просмотров

Палата кәсіпкерді жосықсыз жеткізушілер тізіліміне кіргізбей, қорғап қалды

Өткен жылы «ГеоМапс» ЖШС мемлекеттік сатып алулар саласында «Ақ Берен» РМҚК әскерилендірілген атқыламаға қарсы жасағы филиалының тарапынан болған бұзуларға шағымдана отырып, Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Мәселенің мәнісі мынада болып отыр. 2015 жылғы мамыр айында «ГеоМапс» ЖШС мен «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда ӘАЖ филиалы мемлекеттік сатып алулар туралы келісімге қол қойып, оған сәйкес тараптардың бірі «Ақ Берен» кеңсесін 90 күн бойы ауыз сумен жабдықтау жөніндегі міндеттемені мойнына алады. Алайда, ЖШС анықтағандай, тапсырыс берушіде жергілікті атқарушы органның кеңсені сумен жабдықтау туралы шешімі болмайды да, осыдан кейін 8 шілдеде «Ақ Беренге» шешімді алумен байланысты тиісті шараларды қолдануды сұрап хат жолдайды. Бірақ филиал әкімдікке рұқсат беру туралы құжаттары бар өтінішті тек 31 шілдеде ғана жолдайды.

Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманы жасау үшін мердігерге бастапқы деректерді, соның ішінде, жергілікті атқару органының рұқсат беру туралы бекітілген шешімін береді.

Алайда тапсырыс беруші – «Ақ Берен» РМҚК Қызылорда ӘАЖ филиалы кәсіпкерге қажет құжаттарды бермейді. Сонымен қатар, сотқа тапсырысты уақытында орындамағаны үшін кәсіпкерді жосықсыз жеткізушілер тізіліміне қосуды сұрап қуыныммен жүгінеді.

Палата қызметкерлері кәсіпкердің заңды өкілі ретінде қатысып, оның құқығын қорғады.

Нәтижесінде Қызылорда облыстық мамандандырылған ауданаралық соты шартта көзделген жұмыстарды уақытында орындағаны жөніндегі кәсіпкердің жоғарыда келтірілген дәйектерін ескере отырып, «ГеоМапс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне қосу жайлы «Ақ Береннің» қуыным талабын қанағаттандырудан бас тартты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер