«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дәріхана бизнесі: кәсіпкерлерге қалай көмектесеміз

2016 жылғы 11 Қаңтар
12424 просмотров

Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу саласында жаңа қағидалар қажет

Нарықтағы нақты жағдайды ескере отырғанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында фармацевтикалық және медициналық өнімге баға қалыптастыру және дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тәртібін реттейтін жаңа нормативтік-құқықтық актілер қажет

«СК-Фармация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен өткен Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі кеңейтілген жиналысында осы мәселе сөз болды.

ҚР ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер хатшылығы өкілдері атап өткендей, кәсіпкерлер түйткілдерге ұшырасып, осының нәтижесінде тиімділіктері төмендейді. Атап айтқанда, бұл жеткізушілер тарапынан іс жүзінде жеткізілген өнім үшін төлем мерзімінің 4 айға дейінгі ұзақ мерзімдері, өңірлік деңгейде ТМККК аясындағы сатып алу процедураларының жетілмегендігі, ТМККК аясындағы баға белгілеу механизмінің жеткілікті көлемде пысықталмауы, ұзақ мерзімдік шарттар аясында сатып алулар өткізу үшін отандық өнім номенклатурасының толық көлемде қамтылмауы, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді келісу мерзімдерін сақтамауы.

Сонымен қатар өнім бағасының қымбаттау тәуекелі, Украинадан жеткізілген дәрілік заттардың кешігуі немесе келмей қалу тәуекелі де бар. Кәсіпкерлердің Украинадан Қазақстанға тауарлар тасымалдау шарттарын жеңілдету үшін және оларға қолдау көрсету үшін, ҰКП Фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіп және медициналық қызметтер хатшылығы барлық әлеуетті импорттаушылармен, РФ Федералдық кеден қызметі сұрауының негізінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінен сұрата отырып, ақпарат жинаумен айналысып жатыр.

«СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Максим Касаткин берген ақпараттарға сүйенсек, «2016 жылға  дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 1034 түрін 102 млрд теңге сомасына сатып алу жоспарланған. 20 желтоқсанға дейінгі ахуалы бойынша 79 млрд теңге сомасына шамамен 830 түрдегі дәрі-дәрмектерді сатып алу аяқталды».

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері отанымызда өндірілген өнімдерді өркендету жөніндегі Бірыңғай дистрибьютормен әрекеттестіктің тиімділігі жайлы айта келіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілгенін атады. Мәселен, медициналық техниканы өндірушілермен ұзақ мерзімдік шарттар жасау және ұзақ мерзімдік шарттарды жасау мерзімін 10 жылға дейін ұзарту практикасын енгізу.

«СК-Фармация» ЖШС өкілдері өз кезегінде отандық сапалы өнімді жеткізуге бағытталған алдын алу шаралары ретінде Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы тапсырыс берушілердің сапасыз өнімді жеткізуге қатысты шағымдарын қарау жөніндегі Комиссия ролін ерекше көрсетті. 

Қатысушылар кеңейтілген жиналыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің базасында дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және нарықтағы нақты жағдайда ескере отырып тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясындағы фармацевтикалық және медициналық өнімдер бағасының қалыптасу тәртібін реттемелейтін жаңа нормативтік-құқықтық актілерді дайындау жөніндегі жұмыс топтарын құруға келісті.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер