«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестициялар – өңірге

2016 жылғы 11 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
12405 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының жәрдемімен Ақтөбеде жаңа кәріз-тазарту станциясы (КТС) пайда болады

ӨКП өңірге ірі инвесторлар тартуда. Ақтөбе облысына «Тes Water Group» компаниясы келмекші. Түрік компаниясы суды қайта қолданумен өнеркәсіптің түрлі салалары үшін шешімдер ұсынады. Олардың патенттелген өнімдері мен технологиялары кәріз ағыстарын, су қоспаларын тазартуға және таза ауыз су алуға қабілетті.

Жақында компанияның бас директоры Биязит Йылдырым қазақстандық серіктесі - «Сарыарқа» ЖШС-мен бірге Ақтөбе облысында болып, ӨКП директоры Нұрлыбек Мұқановпен кездесті. Палата басшысы серіктестіктің барлық мүмкіндіктерін талқыға салып, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғали Ісқалиевпен кездесу ұйымдастыруға жәрдем көрсетті. 

«Кездесуге «Акбұлақ» АҚ президенті Асан Ибраев қатысты. Коммуналдық кәсіпорын облыс орталығын сумен жабдықтаумен және су бұрумен айналысады. Қолданыстағы кәріздік-тазарту станциясы кеңес жылдары салынған болатын және 250 мың адам тұрғынға есептелген, ал Ақтөбеде бүгінгі күні  400 мыңнан астам адам тұрады. Келіссөздер барысында түрік компаниясы «Ақбұлақ» үшін жаңа КТС құрылысы бойынша жобалар есептерімен айналысатыны жайлы алдын-ала келісімге қол жеткізілді», - дейді Нұрлыбек Мұқанов.

Нәтижесінде, келісімге қол жеткізілсе, өңірге 100 миллион доллар мөлшеріндегі инвестиция тартылады деп күтілуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер