«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Техникалық қызмет көрсету орындарында қажетті мамандар

2016 жылғы 08 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
14468 просмотров

Тәуелсіз сертификат студенттердің жұмыс табуына құқық береді

Өскемен қаласындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж студенттері 2 курста Дуалды оқытудың жол картасын енгізу аясында жасалған модульдік бағдарлама бойынша оқи отырып, оның артықшылығын сезініп те үлгерді. «Техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану» мамандығында білім алып жатқан болашақ техник-механиктер оқу кезінде аталмыш модульдерге сәйкес 6 біліктілікке ие болады.

Жақында ғана колледждің автошеберханасында №2 «шина монтаждау жұмыстары» модулі бойынша біліктілік емтиханы өтті.

«2 сертификат алып үлгердім – бұл «ТҚК және жалпы слесарлық жұмыстар слесары», оны жазда қорғадық және оны 31 студент арасынан 13 ғана ала алды, сосын, тобымыздан 27 бала иеленген «Шина монтаждаушы»  сертификаты», - деп бөлісті жетістіктерімен студент Евгений Евсеев. «Енді каникул кезінде ТҚК станцияларында осы екі мамандық бойынша жұмыс жасай аламыз, себебі кәсіпорын басшыларына сертификаттарымызды көрсетуге болады. Ал дипломды 2 жылдан асқаннан кейін бір-ақ аламыз»,- деп жалғады сөзін Евгенийдің досы Темірлан Мұқанов.

«Студенттерді дайындауда екінші жыл қатарынан басшылыққа алынған модульдік бағдарлама студенттердің біліктіліктерді қарапайымынан қиынына қарай кезек-кезек игеруіне мүмкіндік береді. Олар әрбір кезеңде өндірістік оқытудан өте отырып, модуль бойынша қажет пәндерді ғана оқиды», - деп бөлісті колледж оқытушысы, өндірістік оқыту шебері Данияр Рыскелдинов.

ШҚО КП жәрдемімен біліктілік комиссиясы құрамына «АЗИЯ АВТО» АҚ ақауларды жою бөлімінің бастығы Сергей Шибков кіргізіліп, ол студенттерге арналған практикалық тапсырмаларды ретке келтірді.

Мәлімет үшін айта кетсек, Шығыс Қазақстан облысында колледж студенттері мен бітірушілерін тәуелсіз сертификаттау жүйесі жанданып келеді. Оған бұрынғыша өңірлік кәсіпкерлер палатасы ат салысуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер