«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сот және іс

2016 жылғы 06 Қаңтар
- Ақтөбе облысы
11201 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының араласуынан кейін жергілікті компания әкімшілік айыппұлдан құтыла алды

ӨКП-ға «АқтөбеФармЦентр» ЖШС өкілдері жүгінді. Олар компанияға қатысты Ақтөбе қаласының сотында әкімшілік іс қаралып жатқанын хабарлады

Бәрі де 2015 жылғы жазда, ЖШС-да тексеріс жүргізілгенде басталған еді. Ол компанияның бұрынғы қызметкері өтініші бойынша басталады. ЖШС-да бухгалтер-кассир болып жұмыс жасаған қызметкер әйел жұмысқа келмей қалғаны үшін жұмыстан шығарылады. Ол жұмыс орнында үш сағаттан артық уақыт бойы себепсіз болмай қалған екен. Ал «АқтөбеФармЦентр» басшылығы оны жұмыстан шығарғанда Батыс Қазақстан облысы еңбек басқармасына өтінішпен жүгінеді.

Мемлекеттік орган инспекторлары тексеріс барысында еңбекақыны уақытында төлемеуге қатысты, еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз шығаруға қатысты еңбек заңнамасын бұзуды анықтайды.

«Бұл «Арнайы есептер» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің тексерістерді электронды тіркеу мәліметтерімен расталады. Тексеріс нәтижесінде оның аяқталуы туралы «бұзулар анықталмады» деген белгісі бар талон шығады», - дейді ӨКП сарапшыларына компания өкілдері.

Талапкер соттан оның жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың күшін жоюды, жұмыста қалпына келтіруді мәжбүрлі түрде жұмыста болмаған уақыт үшін еңбекақы, үстеме ақы, мереке күндеріне ақы төлеуді және 1 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиянның орнын өтеуді сұрайды. Жұмыстан шығарылған қызметкердің өтініші Орал қаласының сотында қаралады. Компания басшысы қызметкерді жұмыстан шығару кезінде бұзуларға жол берілмегенін хабарлап, талап арызды мойындамайды. Бухгалтерге толығымен жалақысы төленді, бұған төлем ведомстволары куә, ал талапкер қызмет уақытынан тыс жұмыс жасамаған.

Сот талапкер арызын ішінара қанағаттандырды: оған жалақысы бойынша қарыздар қайтарылып, моральдық зиян ретінде 10 мың теңге төленді.

«Сот шешімі оны қанағаттандырмай, БҚО прокуратурасына өтінішпен жүгінді. Қадағалау органы өз кезегінде БҚО еңбек басқармасына бұзуды жою туралы ұсыныс енгізді, яғни оны «АқтөбеФармЦентр» ЖШС орналасқан жері Ақтөбеге жолдайды. Мемлекеттік еңбек инспекторы А.Бахатов БҚО прокуратурасының «АқтөбеФармЦентр» ЖШС-ға қатысты БҚО прокуратурасының ұсынысы негізінде әкімшілік хаттама жасап, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 87 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы шығарды да, қарау үшін Ақтөбе қаласы әкімшілік сотына жіберді.

Компания директоры оларға жүгініп, ЖШС мүддесін сотта таныту және құқығын қорғауға жәрдем көрсетуді сұрады. Ірі бизнес өкілі ретінде, ЖШС 100 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жазалануы мүмкін еді. Іс нәтижесінде әкімшілік құқық бұзудың болмауына орай тоқтатылды», - дейді ӨКП бөлімінің бастығы Руслан Күйшінов.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер