Ұлттық палата IOSA сертификатын енгізу мәселесі төңірегінде жүйелі жұмыс жүргізуде
2016 жылғы 12 қаңтарда «Атамекен» Ұлттық палатасының алаңында түйткілге қатысы бар барлық тараптардың қатысуымен отырыс өткізу жоспарланып отыр
«2014 жылғы қараша айында Азаматтық авиация комитеті Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Авиакомпанияларды ішкі тұрақты коммерциялық тасымалдауларды орындауға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын жолдады. Біз екі сараптамалық қорытынды бердік. Біріншісінде аталмыш мәселе бойынша жиналыс өткізуді сұрадық. 10 наурызда олар бұйрықтың дәл осы жобасын қайтадан енгізді. Оған біршама нақтырақ жауап қайтардық. Авиакомпанияның қауіпсіздігіне өндірістік аудит IOSA сертификаты болуы жайлы біліктілік талаптарын енгізу үшін «ҚР әуе кеңістігін пайдалану туралы» ҚР заңының 7 бабына сәйкес авиациялық стандарттар түрінде немесе азаматтық авиация саласындағы ұлттық қағидалар түріндегі IOSA талаптарын өзектендіру қажет деп ойлаймыз», - дейді Логистика және тасымалдаулар хатшылығының хатшысы Қанат Мұқышев.
Ол аталмыш стандарттарды енгізуді қоғамдық ұйым болып табылатын IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығының ұсынғанын баса көрсетті. «Қазақстан аумағында, сондай-ақ басқа да кез-келген ел аумағындағыдай, қоғамдық ұйым ұсыныстары міндетті емес. Біздің мемлекеттік органдарымыз бұл қағидаларды ішкі тұрақты сапарларды орындау үшін міндетті талап ретінде енгізіп отыр. Аталмыш құжаттың алдында IOSA сертификаты ҚР аумағына таралатыны жайлы басқа құжат жасалуға тиіс болатын. Ондай құжат жасалған жағдайда жаңа қағидаға ешкім де қарсы келмес еді», - деп түсіндірді Қанат Мұқышев.
Алайда ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті Ұлттық палатаның ұсыныстарын ескермеді. Осыдан келіп, ҰКП 2015 жылғы тамыз айында мемлекеттік органға Палатаның сараптамалық қорытындысында көрсетілген ескертулерге келіспеудің себептерін негіздеуді сұрап хат жолдады. «Атамекен» ҰКП-ға тек кеңселік жауап қана қайтарылды. Ұлттық палата бұнымен тоқтамай, 2015 жылғы 16 қарашада ҚР Бас көлік прокуратурасына IOSA сертификатының болуы жайлы біліктілік талабын орнатудың заңдылығын тексеруді сұраған хат жолдады. Бас көлік прокуратурасының жауабы 2015 жылғы 18 желтоқсанда келді. Онда мемлекеттік органның ішкі тұрақты сапарларды іске асыратын азаматтық авиация саласында халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын орнатудың ұлттық заңнамаға қайшы келмейтіні жайлы ұстанымы көрсетілген екен.
2015 жылғы желтоқсан айында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «SCAT» және «QAZAQ AIR» авиакомпанияларынан хаттар келіп түскенін атап өту керек. Екі тасымалдаушы да жаңа енгізілімді жақтаған.
«Bek Air» авиакомпаниясы ҰКП-ның аудит сертификаттарының болуы жөніндегі біліктілік талаптарының заңдылығын орнатуға жәрдем көрсетуді сұрайды. «Bek Air» Бас прокуратураға хат жолдады, сонымен қатар сот органдарына жаңа талаптар орнатылуының заңсыздығы жайлы талап арыздар берді.
«Атамекен» ҚР ҰКП, біріншіден, халықаралық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар (соның ішінде IATA халықаралық ұйымының) талаптары мен стандарттары ҚР аумағында ұлттық қағидалар түрінде өзектендірілген жағдайда ғана қабылданып, қолданылуы мүмкін, екіншіден, IOSA аудитінен өтудің орнатылған талаптары Қазақстан ішіндегі әуе тасымалдары саласындағы бәсекелестіктің дамуын айтарлықтай шектейді деп санайды. ҚР авиакомпанияларының аталмыш мәселе бойынша бірыңғай ұстанымының жоқтығын ескере отырып, аталмыш түйткілді ҚР ҰКП Логистика және тасымалдаулар комитеті азаматтық авиация кіші комитетінің отырысына шығару қажет», - деп қорытты Хатшылық басшысы.
Барлық мүдделі тараптар, соның ішінде Азаматтық авиация комитеті, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті, сондай-ақ ІАТА компаниясының жеке қатысуымен ҰКП алаңында өтетін отырыс 2016 жылғы 12 қаңтарға жоспарланып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: