«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ыңғайлы әрі пайдалы

2016 жылғы 05 Қаңтар
- Ақмола облысы
8532 просмотров

Ақкөл қаласының тұрғыны Кәсіпкерлерді қолдау орталығы қолдауының арқасында отбасылық бизнесті бастай алды

Қайрат Салықов шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау құралдары туралы консультация алу үшін, жергілікті КҚО-ға өткен жылдың қазан айында жүгінген болатын.

Ақкөлдік болашақ бизнесмен ритейлмен айналысуды жоспарлайды. Әрекет етіп тұрған дүкенді алуды көздеп жүрген еді, алайда оны сатып алуға қаражаты жетпей қалады. Орталық консультанттары идеяны жүзеге асыру үшін бизнес-жоспар жасайды. Қайрат Салықов алдымен жеке кәсіпкер ретінде тіркелдіОсыдан соң КҚО жәрдемімен жобаны қарауға «БанкЦентрКредит» АҚ алдын-ала келісімін алады.

Кредиттік кеңес жобаны мақұлдағанмен, ісін бастаушы кәсіпкерге отбасылық бизнес ұйымдастыруға тиімді ұсыныс айтылады. Қайрат  Салықов жұбайының бизнеске сатушы ретінде қатысуын ойластырады. Бұл еңбекақы қоры мен салықтарға кететін шығынды үнемдер еді. Бірлескен бизнестің тағы бір жағымды тұсы – кредит беру кезіндегі пайыздық мөлшерлеменің төмендігі.

Ақырында желтоқсан айында «Бекібай С.С.» атты тағы бір ЖК ашылды. КҚО консультанттары бизнес-жоспарға түзетулер енгізіп, жоба «Бизнестегі әйел» бағыты бойынша өтеді. Ақмола облысының Үйлестіру кеңесі де жобаны қабылдап, пайыздық мөлшерлеме мен кепілзаттық қамсыздандыруды  кепілдендіруді мақұлдайды.

Қазірде жобаның қаржыландырылуы және барлық қажет құжаттардың ресімделуі күтілуде. Ақкөл КҚО ісін бастаушы кәсіпкерлерді маркетинг және бизнесті ұйымдастыру саласында одан әрі қолдауды жүргізіп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер