«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жарты жылға созылған әуре-сарсаң

2016 жылғы 05 Қаңтар
- Шымкент қаласы
17780 просмотров

Мемлекеттік орган уран өндіретін кәсіпорынның рұқсат беру құжаттарына шұғыл қол қойып беруге тиіс болса да, жарты жыл бойы әуреге салған  

Созақ ауданында уран кен орнын барлау, өндіру және қайта өңдеуді жүргізетін «КАТКО» Қазақстандық-француздық бірлескен кәсіпорны» ЖШС жергілікті әкімдікке жер телімдерінің бір бөлігін қалдықтарды сақтау үшін қолдануға рұқсат сұрап жүгінеді. Мәселе табиғи уранды қайта өңдеу кезінде радиоактивті қалдықтар арнайы алаңдарда сақталуға тиістігінде болып отыр. Уранды өндіру жобасы да осыны көздейді.

 

ЖШС осыған орай Созақ ауданының әкімдігіне жүгінді. Жергілікті атқару органы алаң құрылысына рұқсат берді, сонымен қатар ҚР Жер кодексіне сәйкес ақтық шешім қабылдауға облыс әкімдігіне хат жолдады. Мәселе облыстық жер комиссиясында қаралып, олар рұқсатын береді. Осыдан кейін облыс әкімдігінде қаулы қабылдануға тиіс болады. Бәрі орын-орнымен болған еді. Бірақ

Кәсіпорын ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінгеннен кейін мемлекеттік органдармен әрекеттестік жөніндегі бөлім сарапшылары Созақ ауданы әкімдігіне ілеспе хатты жолдағаннан бері 6 ай өткенін, бірақ сәйкес шешімнің әлі күнге дейін шығарылмағанын анықтады

Бір қызығы, Жер кодексінің 32 бабы 4 тармағы жер қойнауын пайдалануға келісімшарттың болуы жер телімін шұғыл ресімдеуге негіздеме болып табылатынын айтады. Яғни бұл жағдайда рұқсат беру құжаттары бірден өтініш берген сәтте берілуге тиіс еді.

Палата ОҚО әкімдігіне заңнама талаптарын жылдам арада сақтау жайлы хат жолдады. Жақында сәйкес қаулы ақыры қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер