«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚАЗАН: Мемлекет басшысы Кәсіпкерлік кодекс жобасына қол қойды

2016 жылғы 01 Қаңтар
8316 просмотров

2015 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің жобасына қол қойды.

«Бәсекелестік туралы» ҚР заңы кодекс қабылданғаннан кейін күшін жойып, аталмыш заңның ережелері жаңа кодекстің «Экономикалық бәсекелестік» бөліміне ауысады.

«Атамекен» ҚР ҰКП қатысуымен өткен Кәсіпкерлік кодекс жобасын талқылау жөніндегі қызу пікірталас қорытындысы бойынша  бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, соның ішінде нарық субъктілерінің басым жағдайын анықтау критерийлерін өзгертуге, басым немесе монополиялы жағдайда отырған нарық субъектілерінің тізілімін жүргізу және олардың есеп беруінің кезең-кезеңмен күшін жоюға, хабарлама, келісу комиссиясы институтын енгізуге, «картель» ұғымын бәсекелестік туралы Модельдік заңға келтіруге, монополияға қарсы орган қызметінің бағытын өзгертуге бағытталған бірқатар қосышалар қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер