«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бірге – сенімдірек!

2015 жылғы 29 Желтоқсан
9837 просмотров

Алматы облысында «АӨК сауда корпорациясы» ірі ауылшаруашылық өндірістік кооперативі қалыптасуда

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл шаруашылық кооперативтері туралы» заңға қол қойған болатын. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестіктері үшін негізді қамтамасыз етеді. Заң Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жүзеге асыруға және ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың қауымдастықтары қызметін кешенді түрде реттеуге бағытталған.

28 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінде шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар өкілдерімен «АӨК Сауда корпорациясы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін құру жөнінде кездесу өткен болатын. Кооператив қызметінің негізгі бағыты: малдан алынатын өнім мен шикізатты даярлау (сою), қайта өңдеу, сақтау және өткізу (етті қайта өңдеу).

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстанның Мал дәрігерлер қауымдастығы бастаған бастамашыл топ Алматы облысындағы 60-тан астам мал шаруашылық кешені басшыларына өндіріс көлемінің өсуі есебінен табысты арттыру, ет сапасын жақсарту және Қазақстан, Ресей, Иран, Қытай және басқа да бірқатар елдердегі өткізу нарықтарын кеңейту үшін кооператив құруды ұсынды. Аталмыш кооператив ауылшаруашылық малдар, құстар, балықтар өсіретін шаруашылықтарды, сонымен қатар мал өсіретін кешендерді азықпен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығы кәсіпорындарын біріктіреді.

«АӨК Сауда корпорациясы» кооперативінің стратегиялық мақсаты елдің экспорттық әлеуетін көтеру болып табылады. Аталмыш кооперативті құру отандық өндірушілердің кепілдіксіз кредиттер, субсидиялар алуына мүмкіндік береді. Ал өндірілген өнімді өткізуде арнайы салық режимін қолдану Қазақстаннан сапалы ет экспорттау жөнінен ДСҰ және ЕАЭО нарықтарында бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер