Көкөніс консервілерін өндіруге берілген миллиондаған қаражат
Кәсіпкер Еркін Рысбаев ОҚО Төле би ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінгеннен кейін 8 миллион теңге мөлшеріндегі жеңілдікті кредитке ие болды
Қаражат бизнесменге жоғары сапалы көкөніс консервілерін шығару жөніндегі әрекеттегі цех үшін айналымдық қаражатты толықтыруға қажет болған. Өнімге деген сұраныс жоғары, сондықтан да кәсіпкер өндіріс көлемін ұлғайтуға бел буған. Жобаны жүзеге асырудың жалпы құны 12, 35 млн.теңге құрап, оның іщінде 5, 350 млн. теңгені бизнесмен өз қалтасынан қосқан. «Төле би ауданы Кәсіпкерлер палатасының консультанттарына құжаттаманы сүйемелдеуде көрсеткен көмектері үшін зор алғыс білдіремін, - деп атайды жеке кәсіпкер. – «Максимум» Өңірлік инвестициялық орталығының «Ауыл шаруышылық өнімін өндіру және қайта өңдеу» мемлекеттік бағдарламасының арқасында 5 жылға жылдық 7 пайызбен жеңілдікті кредит алдым. Бұл қаражатқа қосымша шикізат сатып алып, осылайша өндіріс көлемін жылына 100 мың тонна дайын өнімге дейін ұлғайта алдым».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: