«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық бензин 2 жылдан кейін қолжетімді болмақ

2015 жылғы 28 Желтоқсан
6930 просмотров

Қазақстанда  отандық мұнай өнімдері жақын арада шығарылатын болады

 

Мұнайдың бағасы әлемде төмендеп жатқанымен, Қазақстанда бензин бағасы неліктен төмендемейді? Бүгін Мәжілісте Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспарына қатысты өткен үкіметтік сағатта депутаттар бұл сауалды ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа қойды.

«АИ-92 бензин маркасының бағасы қайта реттеуден кейінтөмендеген жоқ, алайда екінші жағынан, теңгенің еркін ауытқуға көшуінде және теңгенің бүгінгі бағамында бензин бағасы көтерілген жоқ», - деп атап өтті Е.Досаев. «қайта реттеу жасадық – импорттаушылардың қажеті мұнай өнімдерін әкелуіне рұқсат берілді», - деп толықтырды министр.   

«Жыл соңында, нақтырақ айтсақ 28 желтоқсанда мұнай өнімдерінің бағасы тұрақтылықты сақтауда, баға көтерілген жоқ. Бұл біздің тарапымыздан жасалған оң шешімді алғашқы қадамдардың бірі деп санаймын»,- деді Е.Досаев.

Сондай-ақ Ерболат Досаев отандық экономиканың өзекті мәселелерінің бірі болып отырған, қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттарды модернизациялауға қатысты жағдайды түсіндіріп өтті. «Отандық мұнай өңдеуші зауыттарды модернизациялауды жеделдету мәселесі бүгінгі күні бірінші кезекке қойылған міндет», - деп атап өтті министр.

«Мұнай өңдеуші зауыттардың үшеуіне де қажетті қаражаттарды алу жоспарлары мен жоспарларға енгізілген барлық түзетулерді есепке ала отырып, Атырау зауытын желтоқсан-қаңтар айларында аяқтау жоспарда бар, ал Павлодар мұнай өңдеу зауытын  қаржыландыру мәселесі анықталған», - деп толықтырды Ұлттық экономика министрі.

«2018 жылы Қазақстан отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етіледі деген сенімдеміз. Бензин бағасын қадағалау мәселесі ерекше назарға алынған», - деп атап өтті Е.Досаев.

 

 

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер