«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Евгений Больгерт: «Геологиялық барлауды қосылған құн салығынан босату қажет»

2015 жылғы 25 Желтоқсан
10964 просмотров

Ұлттық палата Жер қойнаулары туралы кодекс төңірегінде жүргізіліп жатқан жұмысқа белсене ат салысуда

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір топ қызметкерлері Австралияға жер қойнауларын пайдалану саласында тәжірибе жинақтау үшін барып қайтты. Іс-сапар қорытындысы бойынша ҰКП алаңында мүдделі мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.

«Қазір жер қойнауын пайдалануды реттеу бойынша австралиялық үлгі енгізіліп жатқандықтан, саладағы әріптестеріміз – қауымдастықтармен және түрлі институттармен, министрлікпен бірге сол жаққа барып, кодексте негізге алынатын мәселелерді анықтап алуға бел будық. Келесі жылдың қыркүйек айында аталмыш құжат Мәжіліске енеді деп сеніп отырмыз. Қаңтар айында мәтінмен жұмыс жасауды бастаймыз – қандай да бір даулы тұстар оқылып, талқыланады», - деп жеткізді «Атамекен» ҚР ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт.

Оның сөзінше, қазақстандық жер қойнауын пайдаланушыларды көбіне жер мәселелері толғандырады. «Жер қойнауын пайдалану құқығы жер пайдалану құқығымен сәйкес келмей қалатын тұстар да жоқ емес. Яғни сіз жер иесі, жеке меншік иесі болсаңыз, мен жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа иемін делік. Сіз мені аумағыңызға жібермейсіз. Мүдделер қақтығысы орын алады. Қазақстанда тәжірибеде осымен байланысты көптеген түйткілдер туындайды, себебі, шын мәнісінде, жер иесі бұл телімді нысаналы мақсатында қолданбауы да мүмкін, алайда ол меншік иесі болғандықтан, негізсіз түрдегі жоғары қаржы шарттарын алға тарта отырып, жер қойнауын пайдалануға жол бермеуі де мүмкін. Австралияда келіссөздерге басым орын беріледі. Яғни бәрі де жер қойнауын пайдаланушы мен жерді пайдаланушының адал ниеттілігінен бастау алады. Әрі олар келісуге тиіс. Егер олай болмаса, олардың заңнамасында аталмыш жағдайды сот шешуі жөніндегі механизм көзделген», - деп түсіндірді атқарушы хатшы.

Евгений Больгерт сонымен қатар Ұлттық палатаның жер қойнауын пайдалану саласындағы кооперация төңірегінде жұмыс жасап жатқанын хабарлады. «Себебі дәл сол тау-кен шахта немесе мұнай-газ жабдығын жеткізушінің өзі жеткізгісі келетін жабдыққа қазірде қандай талаптар қойылатынын түсінуге тиіс. Егер ол қандай бір өлшемдер бойынша бұған шамасы жетпей жатса, бұл оны жай ғана сыртқа ысырып тастау дегенді білдірмейді. Оған талаптарды анық етіп түсіндіріп беру қажет, және де, егер ол дамуға инвестиция салуға әзір болса, оған ешкім де бөгет жасамайды», - деп атады ҰКП өкілі.

«Геологиялық барлауды ынталандырумен байланысты тұстар да болды. Австралиялықтарда салық жүйесі мен бюджет процесінде ештеңе таппаған жағдайда компания шығындарының орнын толтыруға кететін шығынды жоспарлау көзделген. Үкімет жыл сайын осы мақсатқа кем дегенде 300 млн автралиялық долларды жоспарлайды. Ережеге сай, егер 10 геологиялық барлау жобаларының бірі табыспен аяқталса, бұл өте жақсы. Яғни өтемақы – бұл геологиялық барлауға инвестиция тартуға арналған, тәуекелдерді төмендететін салмақты құрал», - деді ол.

Евгений Больгерттің айтуынша, Ұлттық палата геологиялық барлау жұмыстарын қосылған құн салығынан босатуды, сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушыны сатып алу процесін қатаң бақылаудан босатуды ұсынады. «Оларға жай ғана қандай да бір уақыт бойында қазақстандық мазмұн жөніндегі талаптарды сақатуға тиіс екенін айту керек, бірақ олардың сатып алуларды қалай жүргізуге тиіс екенін айтудың қажеті жоқ. Қазіргідей әрбір қадамды реттемелеу қажет емес: мемлекеттік сатып алулардан да нашар», - деп баса көрсетті ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер