Такси қызметі
Тимирязев ауданында такси қызметін көрсету жөніндегі бизнес белсенді түрде дамып келеді
Соңғы айдың өзінде жолаушылар тасымалдау жөнінде төрт ЖК ашылған. Бұл «Жанмұқанов.Б.А.» ЖК, «Астахов.А.А.» ЖК, «Оспанов.Е.Т» ЖК және «Ведерников.В.П.» ЖК.
Әлеуетті кәсіпкерлер бизнесті ашу және жүргізу бойынша консультация сұрап СҚО Кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалына жүгінді.
«Олардың барлығын жолаушылар тасымалы саласындағы бизнесті заңды түрде жүргізуге деген ниет біріктірді, сондықтан да олар бізге келді», - дейді СҚО КП жергілікті филиалының директоры Александр Гурьянов.
КҚО консультанттары қажет ақпарат ұсынып, ЖК тіркеуде, «egov.kz» электронды үкіметінің порталы арқылы ЭСҚ алуда көмек көрсетті. Жеке кәсіпкерлер ретінде тіркеуден кейін сервистік қолдау жөніндегі менеджер-консультант есептеулер жүргізіп, патент алуда көмек көрсетті.
«Палата филиалына көрсеткен көмегі үшін зор алғыс білдіргіміз келеді. Осы жерге жүгіне отырып, мұнда, шынымен де, сөзбен емес, іспен көмек көрсетілетініне көз жеткіздім. КҚО-да ЖК ашуға ғана көмектесіп қоймай, ШОБ үшін мемлекеттік қолдауды қалай алуға болатынын айтып беретін, қажет болып жатса, бизнес мүддесін қорғайтын консультанттардың тегін қызметін қолдануға болады. Бүгінде консультанттар қызметі ерекше сұралады деп ойлаймын», - деп есептейді жеке кәсіпкер Валерий Ведерников.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: