«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КҚО: консультациядан бастап соңғы нәтижеге дейін

2015 жылғы 22 Желтоқсан
- Қостанай облысы
11481 просмотров

Биыл Кәсіпкерлікті қолдау орталығына түрлі консультациялар сұрап 12 мың қостанайлық жүгініп, оның ішінде 360 тұлға жеке іс ашуға қол жеткізген.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов Өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысында облыстық Палата жұмысы жайлы есеп аясында осындай сандарды жеткізді. Оның айтуынша, «Бүгінде Палатаның 19 филиалы жанында жұмыс жасайтын Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) бизнеспен айналысуға тілек білдірушілер үшін салмақты тірек болып отыр».

Сарыкөл ауданынан келген жеке кәсіпкер Светлана Лапшинаның келтірген мысалы бұл сөзді растады. Ол отырыста сөз ала отырып, КҚО өкілдері көмегінің өте маңызды практикалық пайдаға ие екенін атады. Осының арқасында фармацевтика саласында білім алған Светлана туған ауылы Барвиновкада алғашқы дәріхана аша алған.

«Әрине, қиындықтар болып тұрды, және де әрбір қиын жағдайда Қолдау орталығының мамандары көмекке келді. Солардың арқасында ғана бұл істі тастамай, бастағанымды соңына жеткіздім. Мемлекет болашақта жеке бизнес ашуда кездесетін барлық кемшіліктерді ескерсе деймін. Бірінші кезекте бұл өтінімдерді қарау мерзіміне қатысты. Егер ол қысқартылса әрі қағаз жұмыстары азайтылса, ауылда бизнеспен айналысуды қалайтындар қатары бұдан да көп болар еді. Ал Орталық жұмысына келер болсақ, егер мұндай сервис бұдан әрі қарай да жұмысын жасап, мүмкіндіктерін кеңейте берсе, міндетті түрде жаңа кәсіпкерлік бастамалардың туындауына алып келеді деген ойдамын. Менің шағын бизнесім де бұл тұрғыдан алғанда басқалар үшін жақсы мысал бола алады», - деп мәлімдеді Светлана Лапшина.

Облыстық Палата директоры Мұрат Әбенов өз кезегінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мен ҰКП арасындағы әрекеттестік жөніндегі келісім аясында Палата менеджерлерінің қор бағдарламалары бойынша қаржыландыру ұсыну мақсатында жобаларды сүйемелдейтінін айта кетті. «Сөйтіп, жыл басынан бері Палата қолдауымен 245 кәсіпкер «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «Кәсіпкер» және басқа да бағдарламалар бойынша 433 млн теңге сомасына кредит алды».

Мұрат Әбенов сонымен қатар биылғы жылы 1964 адамның сервистік қолдауды (бухгалтерлік есеп, менеджмент, компьютерлік технологиялар, кедендік әкімшілік ету, мемлекеттік сатып алулар және т.б.) тегін пайдаланғанын атады. Сонымен қатар кез-келген ниет білдіруші «Бизнес-мектеп» құрамдасының аясында оқытудан өте алды. Жыл басынан бері 1276 адам курсты тыңдаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер