«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес бастауға барлық жағдай

2015 жылғы 22 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
12623 просмотров

Ауданда 27 жоба қаржыландыруға ие болды

Кәсіпкерлер палатасы Қазалы аудандық филиалының директоры Ермек Аймаханов хабарлағандай, үстіміздегі жылы жалпы сомасы 315,3 млн теңгеге 27 жоба қаржыландырылған. Аталмыш жобаларды Кәсіпкерлер палатасы сүйемелдейді.

Оның айтуынша, Палатаның Қазалы филиалының қызметкерлері барлық жобалар үшін бизнес-жобаны тегін дайындаған және барлық қажет құжаттарды да жинап беріп, осыдан соң жобалар қаржы институттарына инвестициялау туралы қарауға енгізілген. Нәтижесінде 65 жаңа жұмыс орны ашылды.

Кәсіпкерлер палатасының арқасында бизнесін кеңейткен кәсіпкерлердің бірі Гүлзира Омарова болды. Ол бұған дейін сұлулық салонының жұмысын жөнге салған еді. Осыдан соң Гүлзия жаңа, «әйелдерге тән емес» іс – металл соғумен айналысуға бел буады. Ол Кәсіпкерлер палатасынан кеңес сұрап келген. Ақырында жан-жақты жәрдемдесу нәтижесінде Гүлзияның 10 млн теңге тұратын жобасы «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы арқылы қаржыландырылды.

«Ауданымызда түрлі соғылған бұйымдарға деген сұраныс өсіп келеді. Әрине, басында қолдау және қаржыландыруға қатысты толғаныстар да болды. Алайда Палата қызметкерлері сенімімді айтарлықтай нығайтты. Қазір тапсырыс берушілермен проблема жоқ. 6 адамды жұмыспен қамтып отырмын», - дейді Гүлзия Омарова.

Үстіміздегі жылы Қазалы ауданы кәсіпкерлікті қолдау орталығының қызметкерлері 1503 кәсіпкерге 5337 қызмет түрін көрсеткен. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер