«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске кедергі жасайтын не?

2015 жылғы 18 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12687 просмотров

2015 жылы Кәсіпкерлер палатасы 300 млн теңгеден астам сомаға бизнес мүддесін қорғаған

Палатаның өңірдегі бизнес-қоғаммен алғаш рет жаңа форматта өткізіліп тұрған қорытынды есептік кездесуінде осы және басқа да көптеген мәселелер сөз болды.

«Жыл басынан бері Палата мен оның аудандық филиалдарына кәсіпкерлерден 4 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 296 өтініш бизнесті қорғауға қатысты болды, 159 өтініш оң шешімін тапты, 27 қарауда жатыр. 110 өтініш бойынша уәкілетті органдар тарапынан құқық бұзу анықталмады. Жалпы алғанда, Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары 300 млн теңгеден астам сомаға бизнес мүддесін қорғай алды», - деп есебін статистикадан бастады СҚО КП директоры Тұрар Искаков.

Бизнестің негізгі түйткілдерін сөз ете отырып, салық, жер, құрылыс, қала құрылысы қатынастары, мемлекеттік сатып алулар және ұлттық компаниялар сатып алулары салаларын атады. Сонымен қатар кәсіпкерлерде табиғи монополиялар субъектілерімен қатынаста, субсидия және АӨК саласын мемлекеттік қолдау шараларын беру, әрі кредит алуда мәселелер туындап тұарды.

Палата сарапшылары анықтаған жүйелік түйткілдер Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысы немесе Палатаның өзге де кеңесу органдары қарауына шығарылып, Әкімшілік кедергілер тізіліміне енгізіліп тұрады. Түйткілдер тізілімі – бұл «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес үшін жасақтаған танымал өнімдердің бірі. Бүгінгі күнде қалыптасқан түйткілдер «пулы» республика бойынша бизнесті алаңдатып жүрген 400 жүйелік түйткілден тұрады. 

2015 жылы СҚО-да әкімшілік кедергі жасаушы 196 түйткіл анықталды, соның ішінде 93 түйткіл республика деңгейінде шешімді талап етсе, 103 – жергілікті деңгейде. СҚО Кәсіпкерлер палатасы бастамасымен ҚР ҰКП Түйткілді мәселелер тізіліміне 20 түйткіл кіргізіліп, оның ішінде 8  шешімін тапты1 – мемлекеттік орган мақұлдады, 4 – мемлекеттік органдар қарауында және 7 – ҚР ҰКП қарауында.

«Сонымен, өңірлік деңгейде облыс мәслихатының Салық кодексіне қайшы келетін шешімі негізінде балық аулау үшін су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем алу, сонымен қатар Тимирязев ауданындағы ауылшаруашылық мақсаттағы жерді жалдау шартына жерді пайдалану жөніндегі міндеттемелерге қатыссыз қосымша шарт қосу төңірегіндегі заңсыз тәжірибе сияқты әкімшілік кедергілер жойылды. Палата қолданып жүрген шаралар нәтижесінде анықталған 196 түйткіл ішінен 96 түйткіл оң шешімін тапты, 27 – СҚО Палатасы қарауында, 22 – мемлекеттік органдар қарауында, 43 – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қарауында, 1 мәселе шешімін мемлекеттік органдар мақұлдады, ал 6 мәселені шешу кері қайтарылып, 1 мәселе жүзеге асырылуына байланысты алынып тасталды», - деп атады СҚО КП директоры Тұрар Искаков.

Есептік кездесуде сонымен қатар «Кәсіпкерлерді бейқаржылық қолдау» бағыты бойынша жұмыс қорытындысы шығарылды. Сөйтіп, «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша жалпы алғанда 771 тыңдаушы оқудан өтіп, оның ішінде 484 бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысуға тілек білдірсе, 112 бұл қолдауды иеленіп те үлгерді (23%).

Үстіміздегі жылы Солтүстік Қазақстан облысында 856 ШОБ субъектісіне әрекеттегі бизнеске сервистік қолдау көрсету жоспарланып отыр. Іс жүзінде 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін 1128 кәсіпкер сервистік қолдау алып, оларға 1798 қызмет көрсетті. Бұл жоспарға қатысты алғанда 145,9% құрады. 2014 жылмен салыстарғанда  сервистік қолдауды пайдаланған клиенттер саны 3,3 есе өсті (379 клиент және  721 қызмет).  

Кәсіпкерлер палатасы жергілікті тауар өндірушілерді қолдау жұмыстарын жүргізіп отырады. Атап айтқанда дағдарысқа қарсы республикалық жоспарға өңір кәсіпорындарына нүктелік қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстар енгізілді. Аталмыш Жоспар аясында 4 ұлттық және басқа да компаниялармен өңірде жергілікті мазмұнды дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Аталмыш меморандумдар аясында отандық тауар өндірушілермен 13,8 млрд теңгеден астам сомаға  шарттар жасалды,  бұл жоспардан 90% құрайды (Қазмұнайгаз АҚ бойынша орындалу 120% құрайды, ҚТЖ АҚ бойынша - 99,1%, Самұрық Энерго АҚ - 8,2%, Қазақтелеком  АҚ - 342%).

Сонымен қатар СҚО Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен машина жасау кәсіпорындары 750 млн теңгеден астам сомаға «Самұрық-Қазына» құрылымдарымен ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік шарттар жасасты.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры сөзінің соңында кездесуге қатысушыларды өңір бизнес-климатын жақсарту мәселелерінде бей-жай қалмауға үндеді.

«Алдымызда тұрған міндеттер бірлескен жемісті жұмысты талап етеді, баршаңызды осыған шақыра отырып, мұның өңіріміздегі кәсіпкерліктің ілгері дамуына көмектесеріне сенемін», - деп атады Тұрар Искаков.

Есептік кездесуге қатысқан кәсіпкерлер бақылау-кассалық машиналарды орнату, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты заңнамадағы жаңалықтар, сонымен қатар алдағы салық өзгерістері, атап айтқанда сатуға салынатын салықты енгізу және ҚҚС төңірегіндегі мәселелер жайын сұрастырды. Барлық сауалдарға жан-жақты жауап берілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер