ДСҰ аясындағы ветеринарлық бақылау
ҰКП Қазақстан Республикасының ДСҰ мүшесі ретіндегі ветеринарлық бақылау және қадағалауға жататын тауарлар айналымы шарттары бойынша міндеттемелері жайлы ақпарат берді
«Атамекен» ҚР ҰКП алаңында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов пен ҚР ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісованың қатысуымен Қазақстан Республикасының ДСҰ мүшесі ретіндегі міндеттемелеріне сәйкес ветеринарлық бақылау және қадағалауға жататын тауарлар экспорты мен импортының тәртібін реттемелейтін Қазақстанның нормативтік-құқықтық базасын қолданысқа енгізу мәселелері бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстан ДСҰ-ға кірер кезде ветеринарлық-санитарлық шаралар саласында Еуразиялық экономикалық одақтың аталмыш саладағы нормативтік актілері талаптарынан ерекшеленетін талаптарды қолдану міндеттемесін мойнына алған болатын (Еуропалық Одақ – Қазақстан Республикасы форматындағы 13 ветеринарлық сертификат қоса тіркелген).
Сонымен бірге үстіміздегі жылдың 16 қазанында ЕАЭО Мемлекет басшылары қол қойған «Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында тауарларды әкелу және олардың айналымындағы кейбір мәселелер туралы» Хаттама нормаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды әкелу/апару кезінде ветеринарлық-санитарлық шаралар саласындағы міндеттемелерді мойнына алды.
Қазақстанның ЕАЭО талаптарынан ерекшеленетін талаптарды қолдануы басқа мүше мемлекеттердің барлығы мақұлдаған ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың қадағалану жүйесін енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауын қажет етті.
Қадағалау жүйесімен бірге бақылаудағы тауарлар мен олардан жасалған өнімдер ЕАЭО сертификаттарының бірыңғай формаларынан ерекшеленетін ветеринарлық сертификаттар бойынша әкелінетін болса, онда Қазақстан Республикасы мұндай тауарлар мен өнімді апаруға жол бермеуге тиіс деген міндеттеме де бар.
Ауылшаруашылық өнімге қатысты кедендік әкелу баждарының құнын кезең-кезеңмен түсіру Алып қоюлар тізбесінің 753 тауарлық жайғасымы бойынша жүретінін (2020 жылға дейін) еске саламыз. Соның ішінде 261 тауар жайғасымы бойынша төмендетілген мөлшерлемелер Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы №59 шешімімен бекітілген Тізбеге сәйкес үстіміздегі жылдың 15 желтоқсанынан бастап қолданылады.
Осыған орай ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын, Қазақстан Республикасы аумағына үшінші елдерден әкелінген тауарлар және олардан жасалған өнім тек аталмыш тауалар ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шаралар саласындағы талаптармен және ЕАЭО БКТ қолданыстағы мөлшерлемесімен әкелінген жағдайда ғана қозғалыс жасай алады.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дана Жүнісова, егер аталмыш тауарлар және одан жасалған өнімдер ЕАЭО ветеринарлық-санитарлық шаралар саласындағы талаптарынан ерекшеленетін талаптар бойынша әкелінген жағдайда, яғни ДСҰ нормаларына сәйкес ЕО-ҚР форматындағы сертификаттар бойынша әкелінсе, басқа мүше мемлекеттер аумағында жүре алмайтынына кәсіпкерлер назарын аударды.
Осылайша, кәсіпкерлер ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды әкелген кезде және мұндай тауарларды немесе олардан жасалған өнімді ЕАЭО елдеріне одан әрі экспорттаған жағдайда мына өлшемдерді ескеруге тиіс:
- ЕАЭО ветеринарлық сертификаттарының бірыңғай формасы бойынша ветеринарлық бақылауға жататын тауарларды әкелу;
- Мұндай тауарларды әкелу кезінде, олар Алып қоюлар тізбесіне кіргізілген жағдайда, кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін ЕАЭО БКТ бойынша төлеу;
- Тізбеге кіргізілген (ЕАЭО нормалары бойынша әкелінген) тауарларды апару үшін ветеринарлық сертификат болуы қажет, сонымен қатар ол Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінде (БАБЖ) болуға тиіс.
БАБЖ-да ветеринарлық сертификаттың бар екенін тексеру және растау мақсатында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті «ҚазАгромаркетинг» АҚ және «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірге қарау режимінде ӨКП өкілдеріне БАБЖ ақпараттық жүйесі логин-кілтіне кіру рұқсатын беру туралы келісімді қабылдады.
Ұсынылған рұқсат кейін жер-жерлерде БАБЖ электронды базасында ұсынылған ветеринарлық құжаттар нақтылығының сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді.
«ҚазАгромаркетинг» АҚ тізім бойынша БАБЖ электронды базасына кіру үшін ӨКП өкілдеріне кілт пен логин беру тәсілін дайындап жатыр.
ҚР АШМ Дүниежүзілік сауда ұйымындағы Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру жөнінен мынадай жұмыс жүргізді:
1. «Агроөнеркәсіптік кешендегі бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» ақпараттық жүйесінде ветеринарлық анықтамаларды беруді көздейтін ветеринарлық құжаттарды беру қағидалары;
2. Ветеринарлық анықтаманы беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары. Өзгертулер жергілікті атқару органдарындағы мал дәрігерлері және кәсіпорындағы өндірістік бақылау бөлімшесінің аттестатталған мал дәрігерлері берген БАБЖ-дағы ветеринарлық анықтамаларға ақпарат енгізуді көздейтін болады.
3. «Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) нысандарға Қазақстан Республикасы ішінде қолданылатын және экспортқа арналған ветеринарлық сертификатты беру» мемлекеттік қызметінің Стандарты Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуде жатыр.
Тауарлардың орнын ауыстыруды және барлық қатысы бар құрылымдардың сәйкес әрекеттестігін ұйымдастыруды бақылаудың барлық тетіктерін жөнге салу үшін белгілі бір уақыт кезеңінің қажеттілігін ескере отырғанда, кейбір аспектілер жылдам арада реттеуді қажет етеді.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасенов қазірде облыстық ветеринария басқармаларының Ресей Федерациясы шекара маңындағы субъектілері ветеринария басқармаларымен ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарлардың өзара тасымалдануы мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын атады. Аталмыш келісімдер қазақстандық кәсіпкерлерге қатысты автоматтандырылған жүйемен жұмыста қандай да бір сәйкессіздік немесе техникалық ақау анықталған жағдайда туындаған түйткілдерді 5 тәулік ішінде жою мүмкіндігін көздейді.
АШМ өкілінің айтуынша, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті жергілікті жерлерде және бейнеконференция режимінде қалалар, облыстардың жергілікті атқару органдарының бейіндік бөлімшелерімен оларға ҚР АШМ интеграцияланған ақпараттық жүйесі Агроөнеркәсіп кешеніндегі БАБЖ тетігі жайлы ақпарат беру жұмыстарын, сондай-ақ ЕАЭО елдерінен және үшінші елдерден ветеринарлық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларды экспорттау және импорттау кезінде ЕАЭО санитарлық-ветеринарлық шаралар және ветеринарлық ілеспе құжаттар талаптарына сәйкестік саласындағы нормативтік базасы талаптарын түсіндіруді жүргізуде.
Дана Жүнісова хабарлағандай, қазірде ҚР ҰКП Дүниежүзілік сауда ұйымы мүшесі ретіндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелеріне сәйкес бизнес жұмысының мәселелері мен шарттары бойынша жедел желі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. ҚР ауылшаруашылық министрлігі де мәселелерді шешудің осыған ұқсас тетіктерін дайындауда.
Еуропалық Одақ – Қазақстан Республикасы форматында келісілген Ветеринарлық сертификаттар тізбесімен мына жерде танысуға болады
Пікір қалдыру:
Пікірлер: