«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астанада доңғалақты дәмханалар ашуға ресми түрде рұқсат етілді

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Астана қаласы
16775 просмотров

Елордалық кәсіпкерлерге көше саудасын жүргізу үшін 1000 сауда орны беріледі

Көше саудасын ұйымдастыру және жүргізуге арналған орынның жетіспеушілігіне байланысты толғақты мәселелер жүйелік сипат ала бастады.

Биыл қала әкімдігінің көше саудасын жүзеге асыруға 274 орын бөлгенін еске саламыз. Алайда кәсіпкерлердің өтініші бойынша ұсынылған орындар жеткіліксіз.

Елордалық Палата сарапшылары ШОБ субъектілерінен келіп түскен көптеген өтініштерді зерттеу барысында мәселелерді жергілікті атқару органдары өкілдерінің қатысуымен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысына бірнеше мәрте шығарды. Жоспарлы жұмыс нәтижесінде Палата ұсынысына Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, сондай-ақ «Astana» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ өкілдері үн қатып, көше саудасы нысандарын дамыту үшін арнайы бағдарлама дайындады. Кәсіпкерлер жасақталған 1000 орын туралы ақпаратты Астана қаласы сәулет және қала құрылысы http://www.saulet.astana.kz/ ресми сайтынан көре алады. Жұмыс тобы сауда орындарын алу шарттары туралы  түсіндіру семинары аясында елордалық кәсіпкерлерге ақпарат берді.

«Бұл орындар орынға таңылумен нақты нысанның орналасуын көздейді. Сосын қызмет түрі, орын саны мен нысанның орналасқан жері көрсетіледі. Сауда нүктелері қаланың сәулет көркіне, сонымен қатар санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларының барлық талаптарына сәйкес келуге тиіс»,- деп хабарлады Астана қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары Рыскүл Қауғабаева.

Көше саудасы нысандарына доңғалақтағы дәмханалар, мобильді кофехана, мобильдік автосервистер, нан және көкөніс дүңгіршектері, гүл, кәдесый дүкендері, сонымен қатар стрит-фудтар жатады. Өкінішке орай, бүгінгі күні олардың барлығы бірдей талап ететін нормаларға сәйкес келе бермейді. Көбіне орнатылған талаптар бұзылып, барлығы азық-түлікті бытыраңқы сатуға көшеді. Тамақ өнімдерін көшелерде, қаланың аула ішіндегі аумақтарында жеке тұлғалар сатып тұрады. Сату кезінде санитарлық ережелер мен нормалар өрескел бұзылады. «Бытыраңқы» сауда орындарында нормативтік талаптарды бұзумен өткізілетін өнімдер инфекциялық аурулардың туындауына әлеуетті фактор болып табылады. Бұл жалпы эпидемиологиялық ахуалға кері әсерін тигізеді. Ал бұл жаңсақтықты алдағы халықаралық көрме қарсаңында шұғыл түзету керек, деп санайды қалалық әкімдік өкілдері.

Осыған орай түсіндіру және егжей-тегжейлі ақпарат беру, сонымен қатар аталмыш бағдарламаға қатысу шарттары бойынша кәсіпкерлерге консультация беру мақсатында жұмыс тобы «бір терезе» қағидаты бойынша ШОБ субъектілерін қабылдауды ұйымдастырды. Консультация Астана қаласында Қажымұқан көшесі, 8 «А» үй мекенжайындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында күн сайын сағат 09:00-ден 18:00 дейін жүргізіледі.

Құжат қабылдаудың басталуы туралы ақпарат Астана қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының http://www.saulet.astana.kz/ ресми сайтына және елордалық Кәсіпкерлер палатасының http://astana.palata.kz/ сайтына жарияланады.

Байқауға қатысу кезінде әрбір субъектімен жеке шартқа қол қойылып, оның аясында кәсіпкерге жер телімі 5-7 жыл мерзімге жалға беріледі.

Кәсіпкерлер жұмысында тұрақтылыққа кепілдік алып, жалдаудың ұзақ мерзімін ескере отырып инвестиция салатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер