«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» ауылдық кәсіпкерлерге арнап ақша бөледі

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Қызылорда облысы
12405 просмотров

ҰКП және облыс әкімдігі жыл басынан бастап «Қызылорда микробизнесі» пилоттық жобасын жүзеге асырмақшы

Бұл туралы «Байқоңыр инвест» VI инвестициялық форумының аясында ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев пен облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов жасасқан келісімге қол қою барысында белгілі болды.

Жоба бойынша, ҰКП тарапынан 300 млн. теңге бөлу көзделген, ал облыс әкімдігі 360 млн. теңге бөледі. Қаражат ауылдық елді мекендерде тұрып жатқан кәсіпкерлерді қаржыландыруға жұмсалады.

Қазірде кепілзат базасына қойылатын белгілі бір талаптар не болмаса кепілдік мүліктің өтімсіздігі мен жеткіліксіздігі салдарынан ауылдық кәсіпкерлерге екінші деңгейдегі банктердің кредиттік ресурстары кеңінен қолжетімді емес екені белгілі. 

«Қол қойылған келісім экономиканың осындай «ерекше кезеңінде» кәсіпкерлерді қолдаудың жаңа форматы болып табылады. «Атамекен» ҰКП келесі жылдан бастап 4 облысқа 300 млн. теңгеден қаржылай қаражат бөлмекші. Ауылдық кәсіпкерлерге мұндай көмек көрсетілуі инвесторларымыздың бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында демеу болады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, бұл бизнес дамуына үлкен үлес қосатын болады», - деп атады Нұржан Әлтаев.

Жобаның мақсаты мен міндеттері – жұмыссыздықты төмендету, микробизнесті қалыптастыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, кооперацияны дамыту үшін жағдай жасау, ауылшаруашылық өнімді қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асыру, өндірістік (қоймалар, мал сою цехтары, камералар, логистика, МЖӘ негізіндегі МТС) және өткізу («Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолындағы шағын базарлар мен сауда павильондары) инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу, ішкі және сыртқы нарықтар мен дистрибьюторлық желілерге интеграция болып табылатынын атап өту керек. Жобаның бірыңғай операторы «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер