«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес пайдасына қорғалған 9,7 млрд теңге

2015 жылғы 15 Желтоқсан
6605 просмотров

«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер мүддесін қорғауды жалғастыруда

2015 жылы «Атамекен» ҰКП орталық аппараты және өңірлік палаталар 9 млрд 732 млн теңге сомасына кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын қорғап қалған.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Орталық коммуникациялар қызметінде бүгін өткен брифингте осындай қомақты санды атады. «Атамекен» қызмет етіп келе жатқан кезең бойында кәсіпкерлердің қорғалған мүліктік құқықтарының сомасы 18 млрд теңгеден асып жығылады», - деп баса көрсетті ол.

Сонымен бірге «Атамекенге» кәсіпкерлерден келіп түсетін шағымдар мен өтініштер статистикасы да алға кеткен. Сонымен, 2013 жылғы қазан айынан бастап ҰКП жүйесіне бизнесті қорғау желісі бойынша шамамен 9 600 өтініш келіп түскен, оның ішінде орталық аппаратқа шамамен 2600 өтініш және өңірлік палаталарға – 7000-ға жуық. Үстіміздегі жылы бизнестен көмек сұраған 4800 дабыл қабылданған. Рустам Жүрсінов берген деректер бойынша, бизнестен келіп түсен хаттардың жалпы санынан 41% бойынша оң шешімге қол жеткізілген. «Оң шешім қабылданғандар деп отырғанымыз өтініш иелеріне нәтижелі көмек көрсетілуі – кәсіпкер пайдасына прокурорлық жауап қату актісінің енгізілуі, соттың шығарылған шешімі, уәкілетті мемлекеттік органның өзге де актісінің қабылдануы, айыппұлдың, өсімпұлдың іс жүзінде күші жойылуы, мемлекеттік органның міндеттемелерін орындауы, ақша қаражатының қайтарылуы және басқалары», - деп түсіндірді Рустам Жүрсінов.

Қазақстан бизнесмендері көбінесе «Атамекеннің» жер қатынастары, сәулет және құрылыс саласымен байланысты орын алған жағдайларға араласуын сұрайды (20%),  14% - салықтық құқық қатынастары, өтініштердің 11% мемлекеттік сатып алулар және өзге де сатып алулармен байланысты. «Атамекен» әрбір өтінішке жауап беріп қана қоймай, тәжірибелік шаралар да қолданды. Сонымен, 2015 жылы прокуратура органдары кәсіпкерлер пайдасына жасаған 800 прокурорлық жауап қату актісінің ішінен 170-тен астам актіні Палата өтініші бойынша енгізген. Сонымен бірге, «Атамекен» кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзуға жол берген мемлекеттік органдардағы лауазымды тұрғындарды да назардан тыс қалдырған жоқ. Бұның нәтижесінде 19 қылмыстық іс ашылып, 39 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 8 шенеунік жұмыстан шығарылды. Жаңа, 2016 жылдан бастап бизнесті шенеуніктер озбырлығынан қорғау процесіне бизнес-омбудсмен де қосылмақшы. «Тағайындалғаннан кейін бизнес-омбудсмен «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрамына кіреді», - деді Рустам Жүрсінов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер