«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» фермерлерге жеңілдіктерін қайтарып берді

2015 жылғы 15 Желтоқсан
10478 просмотров

ҰКП араласуының арқасында ауылдық кәсіпкерлер үшін салық ережелері жеңілдетілді

2016 жылдан бастап шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтар үшін бірыңғай жер салығын төлеу негізінде жеңілдікті режимді қолдануға арналған алаңдардың шектік мөлшерлері ұлғайтылды. Көптен күткен бұл жаңалықты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова хабарлады. Ол 2015 жыл басында бизнесін шаруа қожалығы негізінде жүргізетін кәсіпкерлердің жер аудандары бойынша орнатылған шектеулер салдарынан бірыңғай жер салығын төлеу үшін жеңілдікті салық режимін қолдана алмағанын еске салды. «Аталмыш мәселені мемлекеттік органдармен ұзақ талқыладық және заңнамалық жұмыс аясында Салық кодексіне өзгертулер енгізілді. Аталмыш өзгертулер 2016 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді. Қазақстанның жекелеген облыстарында жер ауданы бойынша белгіленген аталмыш шектер ұлғайтылады», - деп атады Жеңіс Жанболатова.

Департамент директоры берген деректерге сүйенсек, жер мөлшері Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында және Алматы қаласында ұлғайтылды.

«Мәселен, Алматы облысында 2015 жылы бірыңғай жер салығын қолдану үшін шаруа қожалықтарына арналған шек 500 гектарды құраса, 2016 жылдан бастап 5 мың гектарды құрайтын болады», - деп жалғады сөзін Салық департаментінің басшысы. Осылайша, бірыңғай жер салығын төлеу негізінде қайтадан арнайы салық режиміне оралу үшін, «Шаруа қожалықтары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салық органына хабарлама ұсынуға тиіс».

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін тағы бір салық жаңалығы көзделіп отыр. «2016 жылдан бастап бірыңғай жер салығын қолдана алмайтын шаруа қожалықтар, ауылшаруашылық тауар өндіруші заңды тұлғалар үшін көзделген салық режимін қолдана алады, онда корпоративтік салық, ҚҚС, әлеуметтік салық, мүлік салығы және басқа да бірқатар салықтар бойынша 70% жеңілдік көзделген», - деп түйіндеді Жеңіс Жанболатова.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер