Сатып алулардың қатаң реттемесі жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық өнімді сатып алуына бөгет жасайды
«Атамекен» Ұлттық палатасы бюрократиядан өнеркәсіптік кооперацияға көшу қажет екеніне сенімді
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыста жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар сатып алуларын жүзеге асыру кезінде отандық тауар өндірушілер өніміне сұранысты ынталандыру мәселесі талқыға түсті.
«Ірі өнеркәсіптік компаниялар мен қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан отандық тауар өндірушілердің өніміне деген қажеттілігіне талдау жүргіздік. Олар айтарлықтай ынтамен жауап қатып, 2016 жылға арналған сатып алулар жоспарлары бойынша сандарын ұсынды. Біршама шағын шеңбердегі компанияларда айтарлықтай салмақты сандар көрсетілгенін байқадық», - деді ҰКП атқарушы хатшысы Евгений Больгерт.
«Жер қойнауын пайдаланушылар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар ұсынған деректер бойынша, жеңіл өнеркәсіп өніміне деген қажеттілік 1,36 млрд. теңгеден астам шаманы құрайды, химия өнеркәсібі – шамамен 6 млрд. теңге, орама кәсіпорындары - 852 млн. теңгеден астам сома, жиһаз өнеркәсібі – 308 млн. теңге», - деп атады ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитеті хатшысының міндетін атқарушы Төлеген Молдахметов.
Евгений Больгерт ірі өнеркәсіпшілердің отандық тауар өндірушілер тауарлары мен қызметтерін қуана-қуана сатып алатынын айтып өтті. Алайда сатып алуларды жүргізуде оларға белгілі бір талаптар қойылады. Бұл қағидалар кейде қазақстандық мазмұн саясатына қарсы келіп қалады. «Әрбір ірі жер қойнауын пайдаланушы сатып алуы қатаң түрде реттемеленген, дәл мемлекеттік сатып алулар сияқты. Онда бәрі шектен тыс тәптіштелген. Оларда отандық тауар өндірушілерден тікелей сатып алуды жүзеге асырудың екі мүмкіндігі ғана бар: тауардағы немесе қызметтегі қазақстандық мазмұн үлесі 50%-дан асқанда немесе өндіруші моноқалалардың бірінде орналасқан жағдайда. Қалған жағдайларда қазақстандық өндірушілер шетелдіктермен тең жағдайда бәсекелеседі», - деп хабарлады ол.
Қиындық қалай да 50 пайыздық қазақстандық мазмұннан асыра алмайтын өндірушілердің де болуында, себебі шикізатты шетелден сатып алуға тура келеді. Мұндай жағдайда жер қойнауын пайдаланушы жергілікті өндірушіден тауар немесе қызметті сатып та алар еді, алайда оған артықшылық бере алмайды, өйткені бұл сатып алулар қағидаларына қайшы келеді.
«Тәжірибеде аталмыш талаптардың қанша тауар жайғасымына таралмайтынын біршама егжей-тегжейлі талдағымыз келеді, яғни отандық өндіруші Қазақстанда жұмыс жасағанда онда қазақстандық кадрлар жұмыс жасайды, бірақ объективті себептер салдарынан 50 пайыздан асатын қазақстандық мазмұнға ие өнімді шығара алмайды», - деді Евгений Больгерт.
Ұлттық палатаның атқарушы хатшысы ҰКП-ның жер қойнауын пайдаланушылар сатып алулары қағидаларын түзету үшін нақты ұсыныстар жасайтынын айтты.
«Өнеркәсіпшілермен мұндай кездесулерді ай сайынғы негізде өткізуге келістік. Сатып алулардың өзін қатаң реттемелеу – қазақстандық мазмұнды дамыту жөнінен айтарлықтай әсер бермейтін құрал. Біздің ойымызша, кооперацияны дамыту біршама тиімді болады», - деп қорытты ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: