Палата және кәсіпкерлер: бетпе-бет жүздесу
Кәсіпкерлер палатасына 600-ден астам өтініш келіп түсті, оның әрбір үшіншісі оң шешімін тапты
Өтініштер ішінде шамамен 400 өтініш бизнесті қорғау желісі бойынша тіркелді (жергілікті атқару органдарының заңсыз әрекеттері, жер қатынастары саласындағы даулы мәселелер, субсидия беру кезіндегі ЖАО әрекеттеріне шағымдар, кредит алу кезіндегі түйткілдер және басқалары). Өңірлік палата директорының өңірдегі бизнес-қоғамдастық алдында есеп беруі барысында осындай деректер жеткізілді.
Облыс көлемінен жиналған мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен есептік кездесуге 300-ден астам кәсіпкер келді. «2015 жылғы қызметімізге қорытынды жасағымыз келеді. Кәсіпкерлер мүддесін қорғау үшін не істедік, қандай әкімшілік кедергілерді жеңе алдық. Аталмыш кездесудің мұндай форматта алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өткім келеді. Өз түйткілдеріңізді жеткізіп, ойда жүрген сауалдарыңызды қоюға мүмкіндік береміз», - деп баса көрсетті форумды аша отырып ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин.
Қорытындылар жайлы айта келіп, өңірлік палата басшысы 400 өтініштің әрбір үшіншісінің оң шешім тапқанын атады. Аталмыш жұмыстың арқасында кәсіпкерлер үнемдеген қаражаттың жалпы сомасы 128 миллион теңгеден асып түсті. Кәсіпкерлер жүгінуін белсендіру үшін облыс аудандарына сапарлар жасалып, онда кәсіпкерлермен, жергілікті атқару органдарымен кездесулер ұйымдастырылады. Осы кездесулер барысында бизнес субъектілерінің түйткілдері жедел түрде шешіліп, заң және экономикалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізіледі.
Кәсіпкерлік бастаманы көтеру мақсатында облыстың барлық аудандарында және Степногор қаласында жыл басынан 1 сәуірге дейін Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылды. КҚО-да көрсетілетін бизнесті сервистік қолдау аясында, бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, облыстың барлық аудандарында сервистік қызметтерді дербес көрсетуге шешім қабылданды (мұндай жауапкершілікті тек 4 өңірлік палата ғана мойындарына алды). ӨКП бүгінде сервистік қызмет көрсету жөніндегі алға қойылған жоспарды асыра орындап, 1300-ден астам кәсіпкер 8 бағыт бойынша тегін қызметтер алды: бухгалтерлік, заңгерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар саласындағы қызметтер және басқалары. 1000-нан астам ісін бастаушы кәсіпкер және кәсіпкерлік бастамаға ие тұлға «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқытылып, қаржы есептілігін жүргізу, бизнес-жоспар жазу және т.б. бойынша қажет білімге ие болды.
Өңірлік даму картасын дайындау бойынша белсенді жмыс жүргізілуде: Картаға енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктеу мақсатында облыстың 6 ірі ауданында кәсіпкерлермен кездесулер өткізілді. Мәселен – Целиноград ауданында кірпіш зауытын салу үшін инвесторлар тарту.
Осы жылдың сәуір айында «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен Іскер әйелдер кеңесі құрылды. Аталмыш кеңес аясында аудандар мен ауылдардағы әйелдер бизнесінің басым бағыттарын анықтау мақсатында Зеренді, Бұланды, Бурабай аудандарында және Степногор қаласында көшпелі семинарлар өткізілді.
ӨКП 27 тамызда өңірлік «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесін өткізді. Іс-шараға облыстан 19 кәсіпкер мен жеке кәсіпкерлер қатысып, байқау қорытындысы бойынша 3 номинациядағы жеңімпаздар анықталды.
Кәсіптік бағдар жұмысының аясында да іс-шаралар өткізіліп тұрады. Палата бастамасымен 5 кәсіпорын және 6 колледж арасында ынтымақтастық жөнге салынды. Сонымен қатар ӨКП биылғы жылы 5 колледждің оқу бағдарламасына «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізуді бастамалады.
«Атамекен» ҚР ҰКП қолдауының арқасында биыл жұмыс жағдайын жақсартуға қол жеткізгеніміз де маңызды – кәсіпкерлер мен мемлекеттік құрылымдар үшін тиімді сұхбат алаңына айналған жеке конференц-залы бар жаңа бизнес-орталыққа көштік. Атап айтқанда, ЖЖМ бөлшек өткізу саласындағы кәсіпкерлермен, жүк тасымалдаушылармен, ауылшаруашылық тауар өндірушілермен субсидиялау мәселелері бойынша өткен кездесулер өнімін берді. ӨКП сонымен қатар ерекше қажеттілікке ие кәсіпкерлер түйткілдерін көтерді», - деп атады ӨКП директоры.
Кездесу барысында қатысушылар ең өзекті сауалдарды қойды: субсидия алуды реформалау, заңнамаға өзгертулер енгізу үшін ұсыныстар беру, БКМ енгізу және басқалары. Кәсіпкерлер барлық сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап алды.
Іс-шара соңында ӨКП ерекше көзге түскен қызмекерлері «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың алғыс хаттарымен марапатталды. Көкшетау көлік прокуратурасы өкілдері өз кезегінде тиімді ынтымақтастық орнатқаны үшін Палатаға алғыс хат табыстады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: