«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өндірушілер ұсынған ет - экспортқа

2015 жылғы 14 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
14738 просмотров

Ақтөбе облысында ет өңдеу кешені ашылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жалпы ұлттық телекөпір аясында Ақтөбе облысы Алға қаласында жаңа ет өңдеу кешенін ашты. Ресми салтанатқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева қатысты.

Кешен құрылысының жобасын «Актеп» ЖШС компаниялар тобы МИИДБ-2 жүзеге асыру аясында іске асырды. «ҚазАгроФинанс» АҚ және жеке қаражаттан 2 млрд. теңгеден астам сома салынды. Сонымен қатар мемлекет «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша 140 млн теңге сомасына инфрақұрылым тартты.

Өндірісте сою және етті мүшелеу процесін толығымен автоматтандыратын ең соңғы еуропалық технология қолданылатын болады.

«Өндіріс ірі қараны семіртуден бастап дайын өнімді шығаруға дейінгі ет кластеріне бағытталған. Мал басын көбейту және жоғары сапалы ет өнімін экспорттау есебінен «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Қазақстанның Ресеймен шекарасы маңындағы өңірлерінде нарықтық сұранысты қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бастысы, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары құрылған», - деді ашылуда облыс әкімі.

Жаңа зауытта 88 адам жұмыс жасайтын болады. Жылына 7200 тонна сиыр етін өндіретін ет өңдеу кешенінің құрылысы өңірлік кластердің қорытынды бөлігі болып табылады.

«Ет өңдеу кешені – «ІҚМ еті экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын жүзеге асыруға мысал, бұл жалпы 4 жыл ішінде құрылған өңірлік кластер», - деді «Қазақстанның Ет Одағы» ЖТжЗТБ басқарма төрағасы Мақсұт Бақтыбаев.

Ендігі жерде облыста өндірістің толық циклы қызмет жасайды. Кластерге ангус тұқымдас 3 200 бас мал шаруашылығы, өңірдің мал өсіретін фермерлік шаруашылықтары, ІҚМ өсіретін және азық дайындайтын «Сыбаға» бағдарламасына қатысушылар және «АкТеп» ЖШС 11 000 бас малға арналған семірту алаңы кіреді.

Ақтөбе ет комбинаты өнімдерінің сұрыпталымына жартылай немесе үшке бөлінген мал еті, еттен жасалған жартылай фабрикаттар мен вакуумды орамаға салынған тартылған ет кіреді. Барлық қалдықтар малға арналған экструзиялы азық ретінде қайта өңделеді. Өнімнің негізгі бөлігі экспортқа өндіріледі, бұл өнімнің  60%-ы. Өнім 100% отанымызда шығарылған, НАССР, Халал сатандарттары бойынша сертификатталған және ең жоғары талаптарды қанағаттандырады.

Келесі жылдан бастап өндірушілер кластер өнімін ресейлік ірі сауда желілерінің сөрелерінен көреміз деп сеніп отыр.

Компания Мәскеу мен Санкт-Петербургті қоса алғанда Ресейдің 60-тан астам қаласындағы ресейлік ірі сауда желілерімен арада жасалатын меморандумдарды пысықтауда. Қазірде ақтөбелік өндірушілер көрші өңірлер – Орынбор және Свердлов облыстарын игермекші.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер