«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Импорттық өнімді отандықпен алмастыру

2015 жылғы 10 Желтоқсан
10252 просмотров

Бизнесмен отандық өндірушілермен ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасасуды міндетті қылуды ұсынды

«KARLSKRONA LC AB» ЖШС бас директоры Уәлихан Ахметов «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының кеңейтілген отырысында Қазақстандағы импорттың орнын алмастыру мәселесі төңірегіндегі ұсыныстарын ортаға салды. Оның сөзінше, ұзақ мерзімдік келісімшарттар жасасуды, соның ішінде оффтейк-келісімшарттар жасасу мен Ұзақ мерзімдік сатып алулар жоспарларын бекітуді жөнге салу қажет.

«АҚШ-та ұзақ мерзімдік келісімшарт жасасу өте танымал және жақсы дамыған. Сонымен, өндірушіге кепілдендірілген ұзақ мерзімдік өткізуді (келісімшартты) ұсынған кезде өндіруші өндірісіндегі жергілікті мазмұн үлесін арттырып қана қоймай, өндіретін өнім сапасын көтереді, бағасын түсіреді, сонымен қатар кластерлік өндірістің дамуына септеседі», - деп атады кәсіпкер.

Уәлихан Ахметов Ұлттық палата, Үкімет және тапсырыс берушілердің ұсынылып отырған бағытты дамытуға қажет болатын функцияларын бөліп көрсетті. Сонымен, оның айтуынша, ҰКП өндіріс салаларына талдау жүргізіп, ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да олардың орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешектегі қажеттіліктерін анықтауға тиіс. «Талдауды салаға да, тауарлар, жұмыстар, қызметтердің нақты түрлеріне де, оларды модернизациялау, толық жарақтау, мамандарды оқыту және т.б. ескере отырып жүргізу қажет», - деп жалғады сөзін ол.

Сондай-ақ, кәсіпкердің сөзіне сүйенсек, Үкіметтің гранттар, кредит беру, субсидиялау, лизингке, оқытуға берілетін гранттар, түрлі бейқаржылық қолдау шаралары сияқты қолданыстағы қолдау шараларын сақтап қалғаны да біршама маңызды.

«Тапсырыс берушілерден («Самұрық-Қазына», жер қойнауын пайдаланушылар, жүйе құрушы, қала құрушы кәсіпорындар және т.б.) импорттың орнын алмастыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің сандық және жиынтықтық көлемдегі қажеттіліктерін көрсете отырып, оларды анықтау жөніндегі талдауды жүргізу, импорттың орнын алмастыратын тауарлар, жұмыстар, қызметтер тізбесін жасау және оны қажет сертификаттар мен тапсырыс берушілерге өндірілетін тауарлар, жұмыстар, қызметтер алуға қажет өзге де құжаттарды көрсете отырып жариялау талап етіледі», - деді ол.

Марат Ахметов импорттың орнын алмастырушы тауарлар, жұмыстар, қызметтерді жөнге салуды бастамалайтын кәсіпкерлермен тізбеге сәйкес оффтейк келісімшарттар жасалатынын, сонымен қатар өндірістік қуаттарды арттыру, жергілікті мазмұн үлесін, соның ішінде жыл сайынғы барлық оффтейк не ұзақ мерзімдік келісімшарттың әрекет ету кезеңінде, көбейту, бірлескен кәсіпорын құру, басқа да құрамдастар бойынша әрекеттегіні модернизациялау, шикізат пен құрамдастарды отандық тауар өндірушілерден сатып алу, кластерлік ұсақ өндірістер құру (импорттың орнын алмастыру), өндіріс циклына жаңа инновациялық технологияларды енгізу, экспортқа өндіруді жөнге салу және т.б. сияқты бірқатар шарттарды орындаған жағдайда аталмыш келісімшарттарды ұзарту құқығы бекітілетінін баса көрсетті.

«Ұсынылып отырған бағытта жасалатын жұмыс бизнестің ертеңгі күніне сеніммен қарауына, бизнесті модернизациялауға не жаңа өндірістер ашуға ақша салудан қорықпауға мүмкіндік береді», - деп атады ол.

«Осыған байланысты ұзақ мерзімдік келісімшарттар, соның ішінде оффтейк-келісімшарттарды оларды отандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірушілер арасында импорттың орнын алмастыратын тетіктердің бірі ретінде мерзімін ұзарту мүмкіндігімен жасасуды сатып алуларды жүзеге асыру кезіндегі міндетті тетік ретінде қарастыруды ұсынамыз», - деп мәлімдеді бизнесмен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер