«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын сапа: Өнім сапасын көтеруге түрткі

2015 жылғы 10 Желтоқсан
10547 просмотров

«Алтын сапа» байқауында Павлодар облысын бірден 12 кәсіпорын мен бір оқу орны танытпақшы

Олар үшін – бұл кәсіпорын бет-бейнесін көтерудің тағы бір мүмкіндігі және Қазақстан нарығында танымал болу мүмкіндігін береді.

Өңірімізде «Алтын сапа» байқауын ұйымдастырумен Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы айналысады. Бұл туралы Палата директоры Райхангүл Сатабаевамен тілдескен едік.

- Райхангүл Қайырбайқызы, байқауға қатысушылар қандай критерийлер бойынша іріктелді?

- Арнайы жұмыс тобы материалдар мен байқауға қатысушылар қызметін алдын-ала бағалау бойынша үлкен көлемді жұмыс жүргізді. Жұмыс тобына сапа менеджменті жүйесін сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, сәйкес салалардағы мамандар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер, жергілікті атқару органдары өкілдері кірді. Іріктеу критерийлеріне сапаны басқарудағы жоғары тиімді әдістерді пайдалану, халықаралық стандарттарды енгізу, тұтынушылар сұрауларын қанағаттандыру және көптеген басқалары кіреді. Сарапшыларымыздың алдын-ала бағалау нәтижелері бойынша қатысушыларға балдар қойылып, Ұлттық палатаға жолданды.

- «Алтын сапаға» қатысушы әрбір кәсіпкер туралы қысқаша әңгімелеп берсеңіз.

- Қазақстанның қуатты алюминий кластерін құрайтын екі кәсіпорыннан бастайын. Бұл әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы алюминий өндіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ. Қазақстан электролиз зауытын глиноземмен қамтамасыз етіп қана қоймай, оны Ресей федерациясының зауыттарына экспорттайтын «Қазақстан Алюминийі» АҚ. Байқауға отандық телекоммуникация саласының қажеттілігін ғана қамтамасыз етіп қоймай, өнімін ТМД елдеріне экспорттайтын шоғырсымды-өткізгіш өнім шығаратын ірі кәсіпорын «Қазэнергокабель» АҚ қатысады. Қазақстанның энергетика саласы көшбасшыларының бірі - «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ да қатысатынын мәлімдеді. Кәсіпорын үлесіне республикадағы электр энергиясының шамамен 17%-ы тиесілі.

Құрылыс индустриясы саласын байқауда жоғары сапалы тас төсеуіш, жаяужол тақтасын және ернеу тасын, терезе және есік ПВХ блоктарын, ағаш бұйымдар мен металл конструкциялар өндіретін кәсіпорын «Вершина» ЖШС танытатын болды. Әрбір қатысушы жайлы көптеген жақсы дүниелер айтуға болады. Мысалы, Павлодар құбыр прокат зауыты – облыстағы серпінмен дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі, ең жоғары сапалы болат электр дәнекерлеу құбырларын өндірумен айналысады. Павлодар облысы мен Қазақстанның Шығыс өңіріндегі нарықта басым орын алушы заманауи полиграфиялық орталық «Баспа үйі» ЖШС өз саласында бірегей кәсіпорын болып табылады.

"ЭКОпром Павлодар" ЖШС - «PavlodarAbrasiv» сауда таңбасымен жоғары өнімділікті абразивті құралын әзірлеу саласындағы отандық тауар өндіруші. «ҚазБитумСервис» АҚ жабындық гидрооқшаулағыш полимерлік ерігіш материалдар, түрлендірілген битум және басқа да құрылыс материалдарын өндірумен айналысады. «Дафа» фирмасы – ауылшаруашылық техника өндіру саласындағы табысты кәсіпорын. «Фрейткар Компонентс» ЖШС темір жол көлігі саласында инновациялық технологиялар енгізуге маманданған. 

«Сағып» шаруа қожалығы – отандық қымыз өндіруші таныстыруды қажет етпейді деп ойлаймын. Оның «Қымыз» тауар бренді Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал.

Қызметімізде кәсіптік білім беруге үлкен назар аударамыз. Сондықтан да биылғы жылы байқауға Павлодар облысы кәсіпорындары үшін жоғары білікті мамандар даярлауды жүзеге асыратын «Павлодар политехникалық колледжі» де ұсынылып отыр.

- Байқау мүсіншелерін иеленуге кім лайықты деп ойлайсыз?

- Облысымызды лайықты кәсіпорындар танытады. Олардың әрқайсысының да байқауда марапат алуға сүйене алатынына сенімдімін. «Алтын сапа» байқауына қатысудың өзі жетістік болып табылады. Оның үстіне, аталмыш кәсіпорындардың көпшілігі «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінде аталып та үлгерген.

«Алтын сапа» байқауын өткізуден не күтесіз?

- «Алтын сапа» байқауын өткізу өңірдегі үздік кәсіпорындарды анықтауға мүмкіндік береді. Байқау критерийлері олардың күшті қырларын және болашақта жақсартуды қажет ететін бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорында болып қайтқан Кәсіпкерлер палатасы сараптау тобының бағасы аталмыш кәсіпорындардың республикалық деңгейде қоғамдық мойындауға лайық екенін дәлелдейді. Беделді байқауға қатысу кәсіпорындарымызды өндірісті дамытуға, өнім сапасын көтеруге және өткізу нарықтарын кеңейтуге түрткі болады. Бұл мәселелер ЕАЭО және ДСҰ жағдайында қазақтсандық бизнесті дамыту үшін ерекше өзекті.

Байқау қатысушыларына айтар тілегіңіз?  

- Байқаудың барлық қатысушыларына жеңіс, жеткен жетістігінде тоқтап қалмауды, өз саласының үздігі болуды тілегім келеді. Кез-келген ұйымдастырушы сияқты өзіміздің қатысушыларға тілектеспін. Сондықтан да павлодарлық бизнесмендердің осынша жоғары республикалық байқауда жеңімпаз атануын тілеймін.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер