«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекеттік табыс органдары кәсіпкерлерді бопсалауда

2015 жылғы 09 Желтоқсан
13398 просмотров

Бизнесмендерді қосымша салық есебін ұсынуға міндеттеуде, себебі олардың контрагенттеріне қатысты жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

ҚР Бас прокуратурасында өткен «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында осы мәселе қаралды.

«Мемлекеттік табыс комитеті кейбір кәсіпкерлерге қосымша салық есебін ұсынуды нұсқаған хабарлама беруде, себебі аталмыш кәсіпкерлердің контрагенттеріне қатысты жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік табыс органдары іс жүзінде тексеріс болуы мүмкін деп қорқытып, олардың бұрын ұсынған есептеріне өзгеріс енгізуге мәжбүрлей отырып, кәсіпкерлерге қысым көрсетіп отыр деуге болады. Ал салық заңнамасы жалған кәсіпорындардың барлық мәмілелерін бірдей жарамсыз деп танымайды, тек күшіне енген сот шешімі барларды ғана», - деп атады Кеңес төрағасы Ғани Қасымов.

ҰКП Салық департаментінің директоры Жеңіс Жанболатова осы мәселе төңірегіндегі баяндамамен сөз алды. Ол да осындай хабарлама алған және ҰКП-ға жүгінген көптеген кәсіпкерлер аталмыш түсіндірулерді қорқыту мен қысымнан ғана тұрады деп есептейді.

«Аталмыш хабарламаларда салық есебін ұсыну мерзімі белгіленген, бұл Салық кодексіне қайшы келеді. Кодекске сәйкес салық төлеуші қосымша салық есебін қуыным мерзімі бойында (5 жыл) ұсынуға құқылы. Мемлекеттік табыс органдары хабарламаларда кәсіпкерлерге қосымша есепті ұсынуды және ол бойынша салық төлеуді «ұсынып отырғанына» қарамастан, дәл сол хабарламада залал сомасын асырғанына байланысты кәсіпорын басшыларына қатысты салық төлеуден жалтару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталуы мүмкін екені де көрсеілген. Салық заңнамасына сәйкес, ҚҚС және корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде сәйкес соманы шегеру және есепке алуға контрагенттердің қылмыстық ниетпен жасаған мәмілелеріне қатысты сомалар ғана жатады, және де мұны сот белгілеп отыр», - деп хабарлады ол.

Ұлттық палата өкілі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында орын алған оқиғаны мысалға кетірді. Онда аудан әкімі экономиканың нақты секторында жалақыны көтеру және табыстың бюджеттік бөлігін толықтыру бойынша жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының отырыстарына төлем көзінен ұсталатын ЖТС бойынша қосымша есеп тапсырылуы бойынша талаптар қойылған кәсікерлер шақырылады. Аталмыш талаптар жабу, жер телімін алып қою, тексерістер, айыппұлдар, туыстарын жұмыстан босату сияқты бопсалауларға ұласады. «СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталмыш дерек бойынша тексеріс жүргізді. Аудан әкімі мемлекеттік қзыметкерлердің лауазымдық міндеттері аясынан асып тапсырмалар бергені анықталды, атап айтқанда, салық есебіне сәйкес келмеуді анықтау бойынша бақылау іс-шарасын өткізу. Аталмыш дерек бойынша облыс әкімдігі кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы жауап қату актісі жолданды. Ұлттық палата жергілікті атқару органдарының мұндай іс-шаралар өткізуіне жол бермеу керек деп санайды», - деді ол.

Жеңіс Жанболатова баяндамасында тағы бір түйткілді мәселені жеткізді. Қазір мемлекеттік табыс органдары кәсіпкерлер атына тіркелуі жарамсыз деп танылған тұлғалармен жасалған мәмілелер бойынша бұрын корпоративтік табыс салығына шегеруге жатқылыған шығыстар сомасын алып тастауды талап еткен камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламалар жолдап отыр. Салық кодексінде шегерімдердің оның табыс табуға бағытталған қызметімен байланысты шығыстарын растайтын құжаттар болған жағдайда жүргізілетіні белгіленген. Хабарлама берілген кәсіпкерлерде мұндай құжаттама бар. Алайда мемлекеттік табыс органдары барлық жасалған мәмілелер, жазылған шот-фактуралар, құжаттарға қойылған қолдар заңсыз әрі заң күші жоқ деп санайды.

«ҚР Жоғарғы сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы №1 «Салық заңнамасын қолданудың соттағы тәжірибесі туралы» Нормативтік қаулысында Салық кодексінің жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз деп тану туралы сот шешімі болуын негізге ала отырып, мұндай мәмілелер бойынша шегерімге тыйым салуды көздемейтіні қарастырылған. Ұлттық палата мемлекеттік табыс органдарының мұндай мәмілелер бойынша келтірілген шығын сомасын шегерімнен алып тастау жөніндегі талабын заңсыз деп санайды. Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып Ұлттық палата билік органдары әрекетіне талдау жүргізіп, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар жасау қажет деп есептейді», - деп атады ол.

Отырысқа қатысқан ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов жағдайға түсінік берді. Ол, біріншіден, қосымша салық есебін ұсыну туралы хаттардың ақпараттық сипатта екенін мәлімдеді. «Бұл алдын ала ақпарат беру болған еді. Мемлекеттік табыс комитетінің аумақтық органдарымен селекторлық жиналыс өткізіп, орындалуының міндетті емес екенін айттық. Салық кодексіне сәйкес 30 жұмыс күні ішінде кәсіпкерлер мынаған жауап беруге тиіс: не қосымша есеп беріп, төлеп немесе бас тартатыны туралы негіздеме берулері керек. Егер біздің бөлімшелеріміз бір жерлерде басқаша қимыл жасап жатқан болса, мұны түсіндіруге дайынбыз», - деді ол.

«Корпоративтік салық бойынша хабарлама жолдауға келетін болсақ, мұндай деректер орын алып жатса, оларды қайтып аламыз», - деп түсінік берді қаралған екінші мәселеге шенеунік.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов өз кезегінде түйткілге өз шешімдерін ұсынды. «Хабарламаның бұл формасын қайта қарау керек сияқты, себебі бізге келіп түсетін хабарламалар ақпараттық емес, шын мәнісінде, талап ету сипатында. Мерзімдер, Қылмыстық кодекске жауапкершілікке тарту туралы сілтемелер… Бірігіп қандай да бір республикалық формат жасау қажет болатын шығар, бәлкім. Бұл сіздердің игіліктеріңіз үшін, мұқият болыңыз, деген сияқты. Сонда бұл жер-жерлерде түсіністікпен қабылданар еді», - деді ол.

Кеңес төрағасы ретінде Ғани Қасымов қорытынды шығарды. «Қарапайым кәсіпкерлер шынын айтады: бұл бопса. Жүзге жуық шағым келді. Адамды тығырыққа тіреп отырсыздар. Қайдағы хабарлама?», - деп жүгінді Мемлекеттік табыс комитеті өкіліне.

«Ұлттық палатаға Бас прокуратураға мемлекеттік табыс органы әрекетінің заңдылығын тексеру үшін жүгіну ұсынылсын», - деп түйіндеді Ғани Қасымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер