«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Субсидия берілсін

2015 жылғы 09 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
11815 просмотров

Жолаушылар тасымалы саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер тиімсіздікке шағымдануда

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасына қала аралық қатынаста жұмыс жасайтын бірнеше тасымалдаушы жүгінді.

«Әрқайсысында 25 орыннан екі «ПАЗ» автобусым бар. Ақтөбе-Қаратоғай бағытында жұмыс жасаймыз. Билет құны 300 теңге. Жеке меншік тасымалдаушылар бір адамнан 500 теңгеден алады. Таксистер барлық клиентерді алып кетеді де, автобустарға күніне 3-4 адам отырады. Сенбі және жексенбі күндері 15-20 адам. Осы екі арада жанар-жағар материалдарға, қосалқы бөлшектерге, жүргізушілер жалақысына шығын шегіп жатырмыз», - деп шағымданды кәсіпкер Көбейсін Жаумытбаев.

«Ақтөбе-Ойыл бағытында тасымалдаумен айналысамын. Билет құны 1000 теңге, ал таксистер 2000-2500 теңгеден алады. Бағыт ұзақтығы 270 шақырым, әрине бұл ақша шығынның да орнын жаппайды, бірақ басқа жол жоқ. Клиенттерді сақтап қалу үшін, осы бағаны ұстап тұруға мәжбүрміз. Шығынға жұмыс жасауға тура келеді. Үш-төрт адам ғана апаратын күндер де болады. Тендер шарттарын орындау керек, не істейміз енді. Мемлекеттен көмек күтеміз», - дейді Қанай Ермұхамбетов.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары субсидиялар бұл мәселені шешпесе де, шиеленісті азайтар еді, деп санайды.

«Кәсіпкерлер тендер шарты бойынша, автобустар жартылай бос кетсе де, халықты тасымалдауды қамтамасыз етуге тиіс. Яғни олар шығынданып жатыр. Әлеуметтік шығынды бағыттарды субисидиялап, құқық қорғау органдарымен бірге заңсыз жұмыс жасайтын таксистерге қатысты шара қолдану қажет деп санаймыз. Ең алдымен, олардың жолаушылар өмірі мен қауіпсіздігі үшін қандай да бір жауапкершілікті алмайтындықтары себебінен», - деп ӨКП сарапшысы Нұрлан Махамбетов кәсіпкерлер қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында ойын білдірді.

Аталмыш мәселе Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірге қаралатын болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер