«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бас жоспар өзгертілді

2015 жылғы 09 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
9770 просмотров

Алға ауданы Маржанбұлақ кентінде мейрамхана салынбақшы

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Алға ауданындағы филиалына кәсіпкер Нұржан Сатаев Маржанбұлақ кентінің жаңа тұрғын үй алабынан мейрамхана құрылысына жер телімін бөлуде жәрдем көрсетуді сұрап жүгінді.

«Маржанбұлақтың бас жоспарын дайындауда бизнеске арналған жер қарастырылмаған болып шықты. Тұрғын үй алабының облыс орталығынан 30 шақырым жерде жатқанын әрі бизнесті дамыту үшін перспективалы болып табылатынын ескере отырып, Нұржан Сатаев ойын-сауық мекемесі құрылысына жер телімін алуға көмек көрсетуді сұрады. Кентте қолданыстағыларды санамағанда, спорт алаңына төрт жер телімі берілген. Осыған байланысты филиалымыз тұрғын үй алабының бас жоспарын өзгертуді бастамашысы болып отыр», - деп жеткізді менеджер-консультант Жандос Қойтілеуов.

ӨКП аудандық филиалы өкілдерінің ұсынысын Алға ауданы ауылдық округінің басшылығы мен құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі қолдау көрсетті. Нәтижесінде балалар алаңына берілген төрт жер телімінің біреуі бас жоспардағы жер мәртебесін өзгертумен мейрамхана құрылысына бөлінді. Ауылдық округ әкімдігі балалардың спорт алаңына елді мекен шетіндегі басқа телімді бөліп берді.

«Палатаның араласуы арқасында мәселем жылдам арада шешілді. Маржанбұлақта заманауи талаптарға жауап беретін мейрамхана салынады. Өте қуаныштымын», - дейді Нұржан Сатаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер