«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа мансап жолын бастауға берілген мүмкіндік

2015 жылғы 08 Желтоқсан
- Батыс Қазақстан облысы
14291 просмотров

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінде жылына екі рет бос орындар жәрмеңкесін өткізіп тұратын жақсы дәстүр қалыптасқан

Жәрмеңке өткізуге деген бейресми қатынас көңіл қуантады. Әрбір өткізілген бос орын жәрмеңкесінің нәтижесі – түлектердің жұмысқа орналасуы. Іс-шараны ұйымдастырушылар БҚО Жастармен жұмыс жасау жөніндегі ресурстық орталық, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өңірлік даму және мониторинг бөлімі, БҚО бойынша үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарын шақырады.

Облыс және қала кәсіпорындарының өкілдері әрбір жәрмеңкеге міндетті қатысушылар болып табылады. Білікті, даярлықты кадрларға мүдделі кәсіпкерлер түлектерді өз өндірістеріне тартуға тырысады. Сонымен, ВТБ банк өкілдері студенттер үшін ақы төленетін іс-тәжірибені, іс-тәжірибеден өтушілер мен жас мамандарға тәлімгерлердің бекітілуін қарастыратын мамандарды даярлауға арналған жаңа бағдарлама жайлы айтып берді.

«Орал трансформатор зауыты» ЖШС, «Стекло-Сервис» ЖШС, «ЗКМК» ЖШС, «Ақас» Агрофирмасы» ЖШС өкілдері түлектерге өндіріс туралы, кәсіпорынға қажет және болашақта сұралатын мамандықтар жайлы сөз қылды. Студенттер мен магистранттар «Жастар іс-тәжірибесі» бағдарламасымен, сонымен қатар шетелдік компанияларға қабылдар кездегі түлектерге қойылатын талаптармен танысты.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Әбілқайырова түлектерге түйіндеме жасау бойынша кеңестер беріп, жұмыс іздеудегі әрекет алгоритмдерін ұсынды. Жеке іс ашуға мүдделілерге Айгүл Әбілқайырова «Бизнес-кеңесші» және «Бизнес-өсу» жобаларының аясында тегін оқу мүмкіндігі жайлы айтып берді. БҚО КП бөлім бастығы бітірушілерге БҚО Кәсіпкерлер палатасының әрбір аудандық филиалында бизнес ашу және жүргізу жөнінде, «БЖК-2020» «ЖҚЖК-2020», «Агробизнес-2020» сияқты мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жөнінде консультациялар беретін Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарының (КҚО) қызмет ететінін егжей-тегжейлі жеткізді.

Жоғары оқу орны түлектеріне сонымен қатар жастардың жұмысқа орналасу келешегі жайлы, БҚО Жастармен жұмыс жасау жөніндегі ресурстық орталық қызметтері, ауылда жұмысқа тұрған кезде жастарға материалдық көмек беру шаралары туралы айтылды. Сонымен, жастарға «Дипломмен ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы таныстырылып, көптеген түлектер оған деген қызығушылықтарын жасырмады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер