«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үкімет инвесторлардың көңілін табады

2015 жылғы 08 Желтоқсан
8520 просмотров

Шенеуніктер Қазақстандағы инвестициялық климат жылына түседі деп уәде беруде

Инвестициялар көбейе береді, қазір олардың қажеттілігі арта түсті. Жақында ғана Қазақстан халқына Жолдауда айтылған президент тапсырмасын орындау үшін, Үкімет бірқатар шаралар қолданбақшы. Сонымен, ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Министрлер кабинеті отырысында «ел экономикасына инвестициялар тартылуын белсендіру үшін 2016 жылғы ақпан айында ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес инвестициялық климатты жақсарту жөніндегі шараларды көздейтін Егжей-тегжейлі жоспар қабылданатынын» хабарлады.

«Аталмыш жұмысты ұйымдастыру үшін 2016 жылғы қаңтар айында үкіметтік және өңірлік кеңестер құрылады, ҚР Инвестициялар және даму министлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің және «Қазнекс Инвест» АҚ қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша күшейтіледі», - деп сендірді министр.

Сонымен қатар 2016 жылғы шілдеге дейін «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын кластерлерді дамытуды қоса алғанда, 6 макроөңірді (Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы және Астана) дамытудың инвестициялық бағдарламалары дайындалады».

2016 жылғы наурыз айына дейін «үкіметтік қарыз алу деңгейін төмендету үшін, мемлекеттік кепілдік беру, соның ішінде транштық, процедураларды жеңілдету, жеке жобалар үшін тексерілген агентті енгізу мақсатында бюджеттік заңнамаға өзгертулер енгізіледі».  

«Мемлекеттік сатып алулар туралы» жаңа Заң аясында 3 және одан көп жылға ұзақ мерзімдік келісімшарт жасау көзделіп отыр. Бұл жеке меншік сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандырады», - деп атады Ерболат Досаев.

Салық саласы да реформаланбақшы. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкімет отырысында баяндады. «Салық мәселелері ҚҚС-ты сатуға салынатын салыққа алмастырудан, тиімсіз жеңілдіктердің күшін жоюдан, салық режимдерін үшке дейін қысқартудан тұрады», - деді Қаржы министрі. Ол сонымен бірге «Қаржы министрлігінде аталмыш мәселелер төңірегінде ойлап-түйген есептеулердің бар екенін» атады. Нақты дайын ұсыныстар жаңа салық-кедендік заңнама бойынша құрылған жұмыс тобына енгізіледі.
«Салық саласының ашықтығын көтеру мақсатында ірі салық төлеушілерге сатылай мониторинг және электронды аудит, сонымен қатар тауралар айналымын импорттаудан бастап электронды шот-фактураларды қолданумен соңғы өткізуге дейінгі өтпелі бақылау жүйесі сияқты салықтық әкімшілік етудің үздік халықаралық саясаттары енгізіледі», - деп уәде етті қаржы министрі.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер