Бизнеске арналған кредит түрі көбейеді
Үкімет шағын және орта бизнесті кредиттік қолдау үшін қосымша қаражат бөледі
Қазақстан Үкіметі кредиттік белсенділікті көтеру ғана емес, бизнестің жұмыс орындарын сақтап қалуына көмектесу мақсатында қаржылай шығыстарды ұлғайтуда. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Министрлер кабинетінің отырысы барысында хабарлады.
«Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ШОБ-ты қолдау мақсатында өңірлерге 7,2 млн теңге сомасына айналымдық қаражатын толықтыруға кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қосымша қаражат жолданады. 2016 жылы инвестициялық кредиттерді субсидиялауға және кепілдендіруге 7 млрд. теңге», - деді министр. Министр берген деректер бойынша, мұндай шара «экономикаға 202 млрд теңге сомасындағы кредит тартуға, өнім өндірісін 418 млрд теңгеден астам сомаға ұлғайтуға, кем дегенде 15 177 жұмыс орнын сақтауға және құруға» мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бюджетке 50 млрд теңге сомасындағы салық түсуі қамтамасыз етіледі.
Халықаралық қаржы институттарына көлемді қарыздар тартылады.
«2016 жылы ШОБ кредит беруді ұлғайту үшін 65 млрд теңге сомасына Микроқаржылық ұйымдардан кредиттік желілер тартылады, соның ішінде Дүниежүзілік банк 30 млрд. теңге, Азия даму банкі 30 млрд. теңге, Еуропалық қайта құру және даму банкі 5 млрд. теңге », - деп жалғады сөзін Ерболат Досаев.
Үкімет сонымен бірге агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларды жүзеге асыруды жеделдетпекші. «Сонымен, «ирригация және гидромелиорация арқылы суарылатын жерлерді қайта қалпына келтіру жөніндегі жобаларды жүзеге асыру үшін, 2016-2018 жылдары 153 млрд теңге сомасында мемлекеттік кепілдікпен Микроқаржы ұйымдары қарыздары тартылады», - деп хабарлады Ерболат Досаев. «ҚазАгро» холдингінің ауылшаруашылық өнімдерді өндіру және қайта өңдеу жөніндегі басымдылықты инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін 2016-2018 жылдары 300,7 млрд теңге сомасына мемлекеттік кепілдік ұсыну көзделіп отыр. Бірінші кезекте ет пен сүт өндірісі туралы сөз болып отыр, деп түйіндеді Ерболат Досаев.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: