«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Фермерлерге кооперацияның пайдасы бар ма?

2015 жылғы 07 Желтоқсан
10338 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы Рүстем Құрманов осы сауалға жауап берді

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндіршілердің экономикалық бірлестіктеріне негіз болады. Орталық коммуникациялар қызметінде бүгін өткен брифингте аталмыш заңның ауылшаруашылық өндірушілерге берері жайлы айтылды.

«Бұрын ауылшаруашылық кооперациясы процедурасы тым асыра реттемеленген болатын, кооперация процесін шамамен 5 заң реттеген. Қазір барлық кооперативтік қағидаттар санамаланған, айтарлықтай түсінікті заң бар. Бұл заңға түзетулер табыс көруге мүмкіндік береді. Олар бұрын тек тұтынушылық қажеттіліктерін ғана қанағаттандыру үшін жұмыс жасаған еді. Бұл табысты кооператив мүшелері арасында бөлуге немесе бірлестіктің дамуына бағыттауға болады. Сонымен қатар қазір кооперативтерге шаруа қожалықтарының ғана емес, заңды тұлғалардың да кіруіне болады. Мәселен, қайта өңдеуші кәсіпорын фермермен бірге кооператив ұйымдастыра алады», - деді Рүстем Құрманов.

Сонымен қатар, оның сөзінше, заңды тұлғаларға сияқты кооперативтерге арнайы салық режимі таралатын болады, кооперативтер қызметінің түрлері де кеңейтілген. «Жаңа заң кооперативтер мен оның мүшелерінің біршама демократиялы болуына мүмкіндік береді. Кооперативтің барлық мүшелері бір-бір дауысқа ие және шешімдерді бірге қабылдайды. Бұрын жарғы қорына көбірек салған адам көбірек дауысқа ие болатын еді. Сондықтан да әлсіз фермерлер көбіне азырақ құқыққа ие болған болатын», - деп жалғады сөзін Ұлттық палата өкілі.

Рүстем Құрманов заңда кооперативтер қызметіне аудит көзделгенін хабарлады. «Яғни бірлестік мүшелерінің өздері аудиторлық компанияны жалға алып, кооператив қызметінің ашықтығын тексере алады», - деп түсіндірді ол.

2016 жылдың соңына дейін 4 пилоттық кооперативті жүзеге асыру жоспарланып отырғанын еске саламыз: Алматы облысында (көкөністер), Жамбыл облысында (сүт), Солтүстік Қазақстан облысында (майлы дақылдар) және Ақтөбе облысында (ет). «Қамқорлықты, осы кооперативтердің дамуына сеп болатын ұйымдастыру жұмысын өз мойнымызға аламыз. Осы тәжірибені кейін республика көлеміне тарату үшін, типтік үлгілі кооператив жасағымыз келеді», - деп баса көрсетті Рүстем Құрманов.

Брифингте сонымен қатар «ES Agro» шаруа қожалығының басшысы Сергей Эрин сөз алып, фермер ретінде заңға қатысты өз ойын білдірді. «Шынын айтайын, бастапқыда күмән болғаны рас. Бірақ кейін аталмыш заңның базисі қалыптаса бастағанда және заңның белгілі бір ережелерінен құрылымдануды көргенде, қызығушылық пайда болды. Аталмыш заңның 5-10 жыл алға қарауға мүмкіндік беретінін байқап, жұмысқа белсене араласып кеттік. Қазір заң қабылданған кезде, Фермерлер одағы мен ҰКП көптеген ұсыныстары ескеріліп отырғанда, заңның біз үшін жасалғанын түсіндік», - деп мәлімдеді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер