«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тігуге үйретеді!

2015 жылғы 04 Желтоқсан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12810 просмотров

Петропавл әскери киім фабрикасының базасында даярлау, қайта даярлау, біліктілікті көтеру оқу орталығы ашылды

Өңірде оқу орталықтары мен кәсіптік бағдар кабинеттерін ашу жөніндегі жұмысты СҚО Кәсіпкерлер палатасының ӨКП қызметіндегі басым бағыттардың бірі – кәсіптік және техникалық білім беруді модернизациялау аясында бастағанын еске саламыз.

«Бүгінгі күні облысымызда бес оқу орталығы әрекет етеді, оның төртеуі тікелей біздің қатысуымызбен ашылды», - дейді СҚО КП адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.

Павлодар әскери киім фабрикасы базасында ашылған орталық өзі бетінше үйренген тігіншілердің құжат алуына мүмкіндік береді. Бүгінде бұл құжатсыз жұмысқа тұру өте қиын, себебі біліміміз бен қабілеттеріміздің куәсі де осы құжат. Бір айта кететіні, оқыту аптасына бес күн, өндірістен ажыратусыз жүретін болады.

Кадрларды дарялаумен «Солтүстік Қазақстан оқу-өндірістік комбинаты» білікті мамандары айналысатын болады.

«Олар қаламыз бен облысымыздағы жалпы білім беретін және түзету мектеп-интернаттары түлектері қатарынан 9 сыныптар базасында «Тігінші», «Аяқ киім тігуші» және «Шаштараз» мамандықтары бойынша жұмысшы кадрлар даярлаумен бес жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді. Оқыту мерзімі 1 жыл және 9 айды құрайды. Бүгінгі таңда оқу орнында 85 бірінші курс және 50 екінші курс білімгері бар. Фабрика жұмыскерлеріне келер болсақ, 5 желтоқсанда оның 15-і үш айлық оқуға кірісіп, осыдан соң емтихан тапсырып, диплом табысталатын болады», - деп түйіндеді сөзін СҚО КП бөлімінің бастығы Владимир Литвиненко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер