«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ең үздігі қайсысы?

2015 жылғы 04 Желтоқсан
8695 просмотров

Отандық тауар өндірушілермен ең көп мөлшерде шарт жасасқан компаниялар марапатталды

«Атамекен» ҰКП байқауында ұзақ мерзімдік шарттар мөлшері мен жергілікті мазмұн үлесі іріктеу критерийі болды

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 27 қараша мен 3 желтоқсан аралығында 2015 жылғы отандық өндірушілер тауарларына үздік тапсырыс берушілер арасында байқау өткізді.

«Тапсырыс берушілер жұмысының тиімділігіне қарадық, олардың қанша ұзақ мерзімдік шарт жасасқанына, сомаларға мониоринг жүргізіп, осылайша отандық тауар өндірушілердің шарттармен қаншалықты қамтылғанына көз жеткіздік. Сондай-ақ жергілікті мазмұн үлесіне де талдау жүргіздік. Осыдан кейін бұл компаниялардың қаншалықты ашық екенін, оларға түскен шағымдар бар-жоғын анықтау үшін, онлайн-дауыс беру жүргіздік. Сәйкесінше, аталған көрсеткіштердің барлығын ескере отырып, көшбасшыларды анықтадық», - деп атады «Атамекен» ҰКП мемлекеттік сатып алулар және жергілікті мазмұн департаментінің директоры Жеңісбек Дулатов.

Сонымен, отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімдік шарт жасау жөніндегі номинацияда 413 млрд теңгеге 9 ұзақ мерзімдік шарт жасасқан «Локомотив» АҚ, 45 млрд теңгеге 494 шарты бар «Өзенмұнайгаз» АҚ  және 16 млрд теңгеге 23 шарт жасасқан «Волковгеология» АҚ  көшбасшы деп танылды.

Екінші номинацияда 2015 жылғы 11 ай ішіндегі Қор компанияларының сатып алулардағы жергілікті мазмұн үлесіне талдау жасалды. Үздік деп танылғандар – 94 пайыздық қазақстандық мазмұны бар «Қазақстан Темір Жолы» АҚ және «Қазатомпром» АҚ - 79%.

Аталмыш бес компания басшылары «Ұлы дала елі» форумында дипломдармен марапатталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер