«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кооперация дегеніміз тиімді

2015 жылғы 02 Желтоқсан
12869 просмотров

«Атамекен» ҰКП және Ауыл шаруашылық министрлігі 2016 жылы 4 пилоттық кооперативті іске қосады

2015 жылғы 29 қазанда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауылшаруашылық кооперативтер туралы» ҚР Заңына қол қойды. Аталмыш заң түрлі ауылшаруашылық өндірушілердің экономикалық бірлестігі үшін негізді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Ауыл шаруашылық министрлігі ауылшаруашылық кооперациясын дамыту жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын даярлады. Сонымен, 2016 жыл соңына дейін 4 пилоттық кооператив қызметін ұйымдастыру жоспарланып отыр: Алматы облысында (көкөніс), Жамбыл облысында (сүт), Солтүстік Қазақстан облысында (майлы дақылдар) және Ақтөбе облысында (ет).

ҚР ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков пен ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтың қатысуымен Ұлттық палатада өткен жиналыста отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілерге кооперация басымдылықтары жайлы айтылды.

Абылай Мырзахметовтың ойынша, жаңа заңды қабылдау кооператив мүшелерінің құқықтық қарым-қатынасындағы көптеген мәселелерге шешім табады, оларға лайықты табыс алуға мүмкіндік береді. «Аталмыш заңның тәжірибе жүзіндегі имплементациясы экономикалық қана емес, әлеуметтік-саяси маңызға да ие екенін айтсам, артық болмас, себебі бұл аса көлемді адамдар мөлшерінің өмір сүру салты. Алдымызда үлкен жұмыс тұр. Жергілікті билік, қауымдастықтар және ҰКП бірлесуінсіз бұл міндет орындалмайды. Бір ғана әкімшілік қысыммен мұны шеше алмаймыз, қарапайым фермерлерге кооперацияның негізгі қағидаттары мен басымдылықтарын жеткізу үшін, өңірлерде толық көлемді түсіндіру жұмысын жүргізу қажет», - деп атады ол.

«Халықтың азық-түлік қауіпсіздігі, халықтың әлеуметтік түйткілдерінен басқа бәсекеге қабілеттілік мәселесі шешіледі. Себебі фермерлердің ұсақ түрде жұмыс жасауы тиімсіз. ДСҰ-ға кіріп, нарықтарымызға одақтық мемлекеттердің шыға бастағанын сезініп жүрміз», - деп жалғады сөзін ҰКП Басқармасының басшысы.

Асылжан Мамытбеков жиналыста сөз ала отырып, бірлестік пайдасына өз дәйектерін келтірді. «Сүтті 65 теңгеден сатып алатын компаниялар бар. Шын мәнісінде, олар сүт өндірушілердің құқықсыз жағдайын қолданып жүр. Ал сүт бағасы көтеріліп кеткен. Олар осылайша маржа үстінен табыс табуда. Сондықтан да аталмыш үлгілік кооперативтер аса маңызды. Олардың базасында семинарлар өткізіп, фермерге бірлестіктің қорқынышты емес екенін, ештеңеден айрылып қалмайтынын, керісінше, пайда көретіндерін көрсету керек», - деп мәлімдеді ол.

Министр сонымен қатар «ҚазАгро» холдингінің кооперативтер үшін арнайы кредиттік өнім дайындауға дайын екенін хабарлады. «Фермерлердің сәйкес бірлестіктері кепілсіз бекітілген инвестсубсидиялармен кредиттелетін болады. Жабдықтың өзі немесе сатылып алынатын бизнес кепілдік заты қызметін атқарады», - деді ол.

«Асылжан Сарыбайұлымен келесі жылы пилоттық жобалардың жүзеге асырылатынына келістік. Яғни біз жоспарымызды жүзеге асыруды созбаламаймыз. Заң қабылданды, төрт облыс анықталды. Олар бойынша күзде нәтижені көрсету үшін, бірден жұмысқа кірісеміз», - деді Абылай Мырзахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер