«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнеске анық белгі берілді

2015 жылғы 02 Желтоқсан
8601 просмотров

Мемлекет басшысының Жолдауы барлық бағыттарда кәсіпкерлер мүдделерін қозғайды

Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төрағасы Абылай Мырзахметов аталмыш құжатты талқылау бойынша Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алған сөзінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, ҰКП ел Президентінің осы жолғы үндеуінде айтылған сынақтарды түсінеді әрі қабыл көреді.

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жеткізді. Бұл жолғы Жолдаудың есте қалар тұсы оның әлемдегі тұрақсыздық, жаһандық сынақтар жағдайында жарияланғаны болып отыр. Президент негізгі жайғасымдарымыз бағасының құлдырауының шығындардың 20% қысқаруына алып келгенін атады. Әрі бизнес үшін сұранымның қусырылуы шамамен 20 мен 25% арасында жатқанын айта аламын. Президент Жолдаудың бес бағыты бойынша ҚР Үкіметіне, жергілікті билікке нақты міндеттер беріп, сонымен бірге бизнесті де сынаққа алды. Елбасы қаржы, бюджет және инвестициялық салаларды жақсарту бойынша нұсқаулар берді. Аталмыш салалар тікелей жеке бизнес қызметін қозғайды, сондықтан да ҰКП ел Президентінің бастамаларын жүзеге асыру жолында Үкіметпен ынтымақтасуға дайын. Бұл сынақты түсінеміз әрі қыбал аламыз, және де оны орындау үшін қазір білек сыбана іске кірісіп, Үкіметпен және жергілікті атқару органдарымен жұмысты бастауымыз қажет», - деді Абылай Мырзахметов.

Алдағы жұмыстың маңызды бағыттары арасында ҰКП Басқарма төрағасы макроөңірлерді дамыту және халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз етуді ерекше көрсетті. Абылай Мырзахметов бұл шаралар болашақ экономикалық өсу үшін база жасақтауға мүмкіндік береді деп есептейді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер