«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мердігерде жазық жоқ!

2015 жылғы 02 Желтоқсан
- Ақтөбе облысы
10394 просмотров

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы жосықсыз жеткізушілер тізіміне ілігіп кете жаздаған қарағандылық «Карат» ЖШС компаниясының құқығын қорғады

2012 жылы «Карат» ЖШС қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен жасанды жабыны бар 13 футбол алаңын орнатуға шарт жасасады.

Ауданы 41 де 21 метр болатын үш метрлік қоршаудағы, бір жұп баскетбол қалқаны мен футбол қақпалары бар стадиондар облыс орталығындағы орта мектептер мен көп қабатты үйлер аумақтарына тұрғызылуға тиіс болған. Компания мойнына алған міндеттемелерді жүз пайыз, сапалы түрде, мерзімінде орындайды. Мемлекеттік орган жұмысты қабылдап, орындалған жұмыс актісіне қол қояды және фирмаға қаражат аударады.

Алайда мемлекеттік мекемені тексерген Ақтөбе облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясының қызметкерлері «Карат» ЖШС «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңды бұзды деп есептейді.  

«Шартқа сәйкес, компания 13 футбол алаңын орнатуға тиіс болады. Жиынтықтардың әрқайсысы 8 миллионнан астам теңгеден. Жұмыстың жалпы құны 113 миллионды құрауға тиіс болатын. Тексеріс барысында тексерушілер мердігердің 8 миллион тұратын 11 алаң және 11 миллион теңге тұратын бір алаң жиынтығына, барлығы 107 миллион теңге сомасына орындалған жұмыс актісін ұсынғанын анықтадық. Инспекция қызметкерлері мердігер біршама жақсырақ техникалық сипаттамалары бар алаңды орнату кезінде бағаны негізсіз көтерген деп санап отыр. Үстеме төлем 3 миллионнан асып отыр», - деп жеткізді егжей-тегжейін ӨКП бөлімінің бастығы Руслан Күйшінов.

Тексеріс нәтижесі бойынша компания атына артық төленген соманы қайтаруды талап еткен хат жолданды, ал «Карат» ЖШС басшылығы оған келіспейтінін білдірген кезде, мемлекеттік орган мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа жүгінеді. Арыз иесі өз өтінішінде соттың серіктестікті мемлекеттік сатып алулардың жосықсыз қатысушысы деп тануды және одан 3 миллион теңге соманы өндіруді сұраған.

«Басқа алаңдар сияқты, дәл осындай техникалық сипаттамалармен қосарланған алаң орнаттық. Шартқа өзгертулер біздің бастамамызбен емес, тапсырыс берушінің айтуымен енгізілді. Оны жиналыс хаттамасы растайды. Сонымен қатар арамызда шарт сомасын кеміту жөнінен қосымша келісім жасалды. ТКШ бөлімі алдында барлық мінддетемелерімізді орындадық және заңды бұзған жоқпыз. Сот талқылауында жәрдем көрсетуін сұрап, Палатаға жүгіндік. Тиімді көмек көрсетілді», - деп атады «Карат» ЖШС коммерциялық директоры.  

ӨКП бөлім бастығы Руслан Күйшинов сотта компания мүддесін танытты. Нәтижесінде Ақтөба облысы МАЭС шешімімен ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қуынымын қанағаттандырудан бас тартылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер