Нұрсұлтан Назарбаев: "Теңгеге сенуіміз қажет"
Ақшаны шетелдік валютаға қарағанда, ұлттық валютада сақтаған тиімдірек
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды долларды ерекше қажет болғанда ғана пайдалана отырып, теңгемен өмір сүруге шақырды. «Теңгемен өмір сүретінімізге барлығымыздың да үйренуіміз қажет. Ырзығымыз нанды да, шұжықты да теңгеге сатып аламыз. Киімді де теңгемен аламыз», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауының барысында.
«Доллар шетелден киінетіндерге немесе импорттық тауар алғысы келетіндерге қажет. Теңгені депозиттерде сақтау тиімді – пайызы жоғары. Доллармен салған депозит үшін пайыз өте төмен болады, банктер осыған да келеді», - деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті сонымен бірге «мұның долларсыздандыру шараларының бірі» екенін атады.
«Бүгін теңгеге сенейік те, теңгемен өмір сүрейік. Сонда еш алаң жоқ, өзімізге де, елімізге де көмектесеміз», - деп үндеді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сонымен қатар Үкімет пен Ұлттық банкке бес бағытта реформа жүргізуді және қаржы секторын тұрақтандырудан бастауды тапсырды. Ол «қаржы жүйесін тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық шындыққа сәйкестікке келтіру - аса маңызды міндет» екенін атады. «Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Ол Ұлттық банкке банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін кредиттер бойынша стресс-тестілеу жүргізуді тапсырды. «Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Үкіметке сондай-ақ экономикалық дамуды қамтамасыз етуді тапсырды. «Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық өсім қарқынын қалпына келтіру қажет», - деп түйіндеді ол.
Жанар Сердалина
Пікір қалдыру:
Пікірлер: