«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Полимерлерді қайдан аламыз?

2015 жылғы 27 Қараша
14271 просмотров

Ресей Қазақстанға аталмыш шикізатты үйіп-төгіп беруге дайын, алайда іс жүзінде қолдан тапшылық жасап отыр

Қазақстандық полимерлерді қайта өңдеушілер «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында шикізат түйткілдерін талқыға салды. Кездесуді Өңдеу өнеркәсібі комитеті Хатшысының орынбасары Батырбек Әубәкіров өткізді.

«Қазақстан мен Татарстан Үкіметтерінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Аталмыш меморандум аясында полимер бағыты мәселелері белгіленді. Кейбір кәсіпорындар шикізат жағынан салмақты түйткілдер орын алып отырғанына шағымданды. Татарстан Үкіметі осыған байланысты биылғы жылдың жазында Алматыда форум ұйымдастырды. Татар кәсіпорындары түйткілдерді тақтылауды және өнімді Қазақстанға жеткізу жеңіл болатындай жағдай жасауды ұсынуда, ал олар өз кезегінде қандай да бір артықшылықтар береді», - деді ол жиналыстың басында.

Батырбек Әубәкіров бірден саланың негізгі түйткілдеріне белгілеп берді. Оның айтуынша, басты мәселе шикізаттың ЕАЭО елдеріндегі барлық қайта өңдеушілерге жетпейтіндігінде болып отыр. Қазақстанда полимердің жеке түрі – полипропиленді өндіретін бір ғана кәсіпорын бар. Бұл павлодарлық «Мұнай химиясы» зауыты.

"Кеден одағына кіргенге дейін шикізатты әкелуге кедендік мөлшерлеме 0% болған еді. КО құрылғаннан кейін ол 10%-ға жетті. Яғни қазақстандық қайта өңдеушілер шикізатты Ресейден ғана сатып алатындай жағдайға қалды. Ресей Федерациясы үкіметі Қазақстанның нарығын толықтыра алатын көлемді өндіріс орындары бар екенін айтып, сондықтан да күте тұруды және оқиғаның қалай жалғасатынын көруге бел будық. Ал енді шикізат қазақстандық қайта өңдеушілер үшін жетпейтін болып шықты», - деді ол.

Кездесу модераторының айтуынша, екінші түйткіл шикізат құнының жоғарылығы. «Шикізат мұнай бағасына таңылмаған делдалдарда бар. Мұнай бағасы түсіп барады, шикізат құны да түсуге тиіс. Бірақ ол бұрынғыша қалып отыр. Үшінші түйткіл – бұл 100 пайыздық алдын ала төлем. Бұл саудада қосымша қиындықтар тудырады», - деп атады ол, және де жиналысқа қатысушылардың аталмыш мәселе төңірегінде өз ойларын білдіруін сұрады.

Алматы полиэтилен құбырлар зауытының өкілі Қайырбек Берғалиповтың айтуынша, ең толғақты мәселе – бұл алыс шет елдерден әкелінетін қара құбыр полиэтилені бажының 6,5 пайыздық мөлшерлемесіне қайтып оралу.

«Сәйкесінше, алыс шет елдерден келетін шикізат бағасының көтерілуін күту керек. Ашығын айтайын: ресейліктер сұраныстың жоғарылығы мен Қазақстанда шикізаттың жоқтығын ескере отырып, ұзақ ойланбастап бағаларын еуропалық бағаға жақындатып қалды. Бұл мәселеге Мәжіліс те қосылып, шешім шығарылды. Әзірлеуші зауыттардың лицензиясы негізінде 1 қаңтарға дейін алыс шет елден нөлдік мөлшерлемемен шикізат алуға уақыт берілді. Бұл тек қара түстісіне қатысты болды, дегенмен бізде ақ полиэтиленге деген қажеттілік одан жоғары. Ақ және қара полиэтилен бажының толығымен күшін жоюын қолдаймын», - деп мәлімдеді ол.

«Ресейліктерден алуға дайынмын. Жүк көлігімен айтарлықтай жылдам, екі аптадан аспайды», - деп жалғады сөзін кәсіпкер.

Модератор оған аталмыш түйткілді шешудегі ҰКП ролі қандай деген сауал тастады. «Ролі өте үлкен. Бейіндік қауымдастықтар бар, бірақ бірыңғай ұстаным жоқ. Дегенмен нарық ортақ – бұл өндіріс. Бейіндік қауымдастықтармен бірігіп, бірыңғай стратегия дайындауларыңыз қажет деп есептеймін», - деп атады Қайырбек Берғалипов.

«Қаңтар айында бір келісі үшін 295 теңгеден сатып алдық. Қазір, маусымның өтіп кеткенін ескере отырғанда бағасы - 545 теңге. 6,5 пайыздық баж енгізілгенде бағаның қандай күйге түсетінін елестете аласыз ба? Мұны Үкімет деңгейінде көтеру керек», - деп баса көрсетті ол.

Батырбек Әубәкіров өз кезегінде кәсіпкерлер сөз еткен түйткілдердің кәсіпкерлерге ғана емес, ораушылар, көлікшілерге де, сондай-ақ электроника, медицина өнеркәсібі, ауылшаруашылық өнірушілеріне де қатысты екенін атап өтті, яғни бұл ортақ мәселе.

«Шикізатты өндіруші зауыттан сатып алу мүмкін болмағандықтан, полимерді делдалдардан айына 10-20 тонналап сатып алатын кәсіпорындар жетіп жатыр. Осы мәселені шешу керек. Біз қалай да бағаны ұстап тұрған және отандық өндірістің дамуына кедергі келтіріп жүрген делдалдардың ықпалын барынша азайтуды ұсынамыз. ҰКП осыған байланысты орталықтандырылған түрде бірыңғай өтініммен алға шығуға тиіс. Татарлық серіктестер де: «өтінім беріңіздер, жеңілдік және кепілдендірілген жеткізу ұсынамыз» деп осыны ұсынып отыр», - деді ол.

«Астана Полимер» өкілі Нұрлан Рамзанов та өз ойын ортаға салды. «Кедендік мөлшерлеменің күшін жою жөніндегі мәселе де дұрыс көтеріліп отыр, себебі бұл «EXPO-2017» жобасына қатысты. Егер  полиэтилен қамбаттаса, бұл сөзсіз өнім құнынан да көрініс табады. Жарайды, біз Ресейге қажет көлемді ұсынуға дайынбыз делік, бірақ мұны қалай төлейміз және кім төлейді, деген сұрақтар туындайды. Бүгінде, өкінішке орай, барлығымыз да мемлекетке тәуелдіміз. Егер мемлекет төлемді кешіктірсе, біз де кешіктіреміз. Бұл үшін төлем жасап, аталмыш көлемнің жеткізілетініне кепілдік беретін кім бар? Қазанда немесе Нижнекамскіде болмасын – тапсырыс беруге бәрі дайын. Бірақ оның ақшасын кім төлейді? Биылғы жылы бюджет өте кеш қабылданды, төлемдер кешігіп келуде, бәріміз де осы жағдайдың құрсауындамыз»,  - деп атады ол.

Кәсіпкер сонымен бірге ресейлік полимер өндірушілердің еуропалыққа қарағанда біршама арзан бағаны белгілеп отырғанын баса көрсетті. Ал шикізат сапасы шамалы төмен.

Алматылық «Plast Invest Production» зауытының өкілі Дархан Рахымғалиев ресейлік шикізат өндірушілердің жасанды тапшылық жасап отырғанын мәлімдеді. «Өтінім бергенімізше, барлық 4 ірі өндіруші бір уақытта профилактикаға, жөндеуге және басқа да бірдеңеге жабылады да, осылайша қазақстандық өндірушілер үшін жасанды тапшылық істеп отыр. Осыдан соң бағаны көтереді. Ресейден шикізатты 100 пайыздық төлемге сатып алуға дайынбыз, бірақ олар жасанды тапшылық жасақтап отыр», - деді ол.

Батырбек Әубәкіров отырыс жұмысын аяқтай отырып, барлық кәсіперлерді Ұлттық палатаның қолдау көрсетініне сендірді. «Бірыңғай сатып алу тетігін құру мәселесін пысықтауды ұсынамын. Сонымен бірге баламалы құрал кедендік бажды нөлге дейін түсіру болуға тиіс. Өз тетіктеріңізді ұсыныңыздар. Ұлттық палата сіздерді осы мәселеде толықтай қолдайды және қорғайды», - деп түйіндеді ҰКП өкілі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер